Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсылық пен жамандық

Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық пен Жамандық дос болыпты. Екеуінің де аты, азығы бар. Бірақ Жамандық өз азығын қызғанып, екеуі Жақсылықтың азығын жеп жүріпті. Күндер өте Жақсылықтың азығы таусылыпты.

– Жақсылық, Жақсылық, азығың таусылды, енді қайтесің? – дейді Жамандық.

– Жамандығым, ақыл айтсаң, не істемек керек? – дейді Жақсылық.

– Онда сенің атыңды сояйық, – дейді Жамандық саспастан.

Сөйтіп Жақсылықтың атын сойып, бірнеше күн азық етіпті. Күндер өте азық тағы таусылыпты.

– Жақсылығым, енді қайтесің? Атыңның еті тау­сылды, – дейді Жамандық.

– Жамандығым, ақыл айтсаң, не істемек керек? – дейді тағы Жақсылық.

– Онда сенің құлақтарыңды азық етейік? – дейді Жамандық.

Жақсылық «мейлі, Жамандығым» деп келіседі.

Жақсылықтың құлағын кесіп, екеуі бірнеше күнге азық қылады.

Келесі күні тағы да ішерге астары болмайды. Жамандық Жақсылықтың көзін ойып, азық қылады. Жақсылықтың ат-тоны, азығы, құлағы, көзі бітті. Жамандық Жақсылықтың азығын бірге жеп тауысты. Жақсылықтың азығы таусылған соң Жамандық өзінің азығын бермеді.

Жамандық:

– Жақсылығым, атыңды сойып жедік, екі көзіңді екі күн, екі құлағыңды екі күн азық етіп бердім. Енді қайтесің? Құлағың жоқ, көзің жоқ сені тастап кетемін.
Жақсылық:

– Жамандығым, тастасаң қара тоғайдың ішіне таста, – дейді.

Жамандық қалың қара тоғайдың ішіне Жақсылықты әкеліп тастайды. Сөйтіп жамандық кетіп бара жатқанда алдынан аш қасқыр шыға келеді. Жамандық қорыққаны сонша, бір орыннан қозғала алмай, тұрып қалады. Қасқыр Жамандыққа бас салады. Ал Жақсылыққа ормандағы аңдар көмектесіп, байлыққа кенеліпті.

«Біреуге ор қазсаң, өзің түсерсің» деген – осы.





Бибізада Бағдатқызы,
№137 қазақ орта мектебінің
5-сынып оқушысы,
С.Сейфуллин ауылы
04 мамыр 2022 ж. 828 0