Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ғашықтар арасындағы әзілдер

Ғашықтар арасындағы әзілдер

Әйелі күйеуіне:
– Сен қалай ойлайсың, отбасылық өмірді жандандыру үшін бір-біріміздің көзімізге шөп салу керек шығар.
– Пайдасыз, көріп үлгердім...

***
Жігіт газет оқып отырып, қызына қарап сөйлеуде:
– Мен саған үнемі айтатын едім ғой, қыздардың сөз­шеңдігі шектен шыққан деп. Міне, газет бетінде қыз ба­ла күніне 2200 сөз айтса, жігіт адам 1100 сөз айтады деп жазылған.
– Бұлай болатын себебі, әйел баласы бәрін екі рет қай­талап айтуы тиіс.
– Не дейсің?
***
Кинотеатрдағы жiгiт пен қыздың ойы:
Қыз: Мен неге мына шалбарымды кидім? Мені то­лық қылып тұр, ол не ойлап отыр екен?
Жігіт: Билеттер 1800 теңге, попкорн 600 теңге, таксиге ақша қалу керек.
***
– Сәке, сен өткен жолғы қалыңдығыңа үйлендің бе?
– Жоқ, ол маған кедейсің деді.
– Сенің бай ағаң бар емес пе? Соны неге айт­падың?
– Айттым ғой.
– Иә, сонымен...
– Енді ол менің жеңгем.
23 сәуір 2022 ж. 609 0