Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бәрі де букеттен басталған

Бәрі де букеттен басталған

Виртуалды әлем. Адамдар арасындағы байланысқа дәнекер болған ғаламтор кейбір ғашықтарды қосқан. Біздің кейіпкеріміз интернет же­лісін өзінің жеке кәсібі үшін пайдаланбақ ниетте еді. Дегенмен ол сү­йікті ісімен айналыса жүріп, өмірлік серігін ғаламтордан тапты. Қы­зықты хикая желісі өмірде болған.
Нәзік жандылардың атаулы мерекесіне санаулы күн қалған болатын. Тәттілерден букет жасайтын Шахнұрға «Инстаграм» әлеуметтік желісінен бір жігіттен хабарлама келді.
– Сәлеметсіз бе? Сізге тапсырыс берейін деп едім. Қолайлы бағада бір әріптесіме букет жасап берсеңіз!
– Жарайды.
– Ханым, букетті облыстық медициналық орталыққа апарып беруі­ңізді сұраймын.
– Тасымалдау қызметімен 6500 теңге болады.
– Тұрмыста болсаңыз 5500 теңге, ал жүрегіңіз бос болса, 6500 тең­ге беремін.
– 6500 теңге беруіңізге тура келеді.
Осылайша, қарапайым қалпынан таймайтын бойжеткен көп ұза­май сыйлықты иесіне табыстады. Жол үстінде биязы ару қызға сыйлық бере тұра Шахнұр әлгіндегі жігіттің өзіне қырындағанына ашуланып-ақ келеді.
Арада бірнеше күн өтті. Жұмыстан қолы босай қалса Жандос есі­мін «Шоколад» деп сақтап қойған қыздың суретінен көз алмайды. Бір­де-бір рет көрмеген қызға ерекше сезім пайда бола бастағандай. Тоқ­таусыз қоңыраулар соғады. Түннің бір уағына дейін хабарлама жазады. Жауап болмаса да, жігіт өз ісіне ырза секілді. Ұзақ танысудың жалғасы екі жастың ғажайып махаббатына ұласты.
Алғашқы кездесуге ұяңдау мінезімен жігіт жүрегін жаулаған Шахнұр керемет кейіпте келді. Қараңғы түнді жарық қылған аруға Жандос көз алмай, ұзақ қарады. Бір мезетте жігітке тіке қарай алмаған қыз жүрегі әлденені сезгендей. Ол бақыттың лебі еді. Олар ұзақ сырласты, бір-бірін жақыннан тануға тырысты. Артық сөзге келместен ұғысты.
Осылайша, ерекше таныстықпен басталған махаббат хикаясынан кейін қос жүрек мәңгілік бірге болуға сөз байласты. Бүгінде олар ба­қытты жұп. Арада қанша уақыт өтсе де, сол бір алғашқы таныстық оқиғасы екеуінің есінен кетпейді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
23 сәуір 2022 ж. 453 0