Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бірқазан атқан браконьер ұсталды

Бірқазан атқан браконьер ұсталды

Алматы облыстық ПД криминалдық полициясы  мен экологиялық полиция 61 жастағы ер адамның көлігінен бірқазанның өлексесін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«19 тамызда Сарқан ауданының Балқаш көлінің жағасында Алмалы ауылының 61 жастағы тұрғынының көлігін тексерді. Тексеру кезінде көліктен тірі дуадақ пен бірқазанның өлексесі табылды», дейді Алматы облысы бойынша ПД КП бастығының орынбасары Лариса Кан.

Атып алынған құс айтарлықтай азайып кеткеніне байланысты Қызыл кітапқа енгізілген.

«Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  337-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды. Құс атылған мылтық қылмыс құралы түрінде іс құжаттарына енгізілген. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы аумағында 9-31 тамыз аралығында экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін ашуға бағытталған «Браконьер» шарасы өткізіледі. Дәл осындай шара Қарағанды облысында да өтеді», деп қосты Кан.

21 тамыз 2021 ж. 823 0