Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көршілер хикаясы

Көршілер хикаясы

Бір күні жалпақ сары Рысты.
Кенеттен бастады кеп ұрысты:
«Құртамын да жоямын,
Балаңның да көзін оямын,
Полиция шақыртам.
Сөйтемін де балаңды
Он бес күнге қаматам».
Мән-жәйға түсінбеген Ұлбосын:
«Бері кел» деп шақырып алды баласын.
– Не болды, айтып берші жан балам?
– Апатай! Тигенім жоқ мен оған.
Доп қуам деп, сүрініп өзі құлаған,
Баланың жауабын естіген Рысты.
Өз терісіне өзі сыймай,
Барынша келіп тырысты.
Мен қоймаймын бұл істі,
Заң орнына шағынам.
Сотқа сені шақыртам,
Ақша толы уысым.
Судья өз туысым.
Құтыламын сендей жаман көршіден,
Болмаса жер аударып көшірем.
Көршімен ұрысуды білмеген Ұлбосын,
Айқайдан қашып өршіген,
Арасына күн салып,
Көшіп құтылды көршіден.
«Үй салсаң, көрші таңдай біл» деген,
Сөз осындайдан шыққан екен.

Мүсілім ҚАЛМҰРАТҰЛЫ
27 наурыз 2021 ж. 511 0