Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 5 ай бойы іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды

5 ай бойы іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды

Сырдариялық құқық қорғаушылар пробоция есебінде тұрған 55 жастағы азаматты 5 айдан кейін іздеп тапты. Аталған азамат 2018 жылы есірткі егу қылмысы бойынша сотталған болатын. Кейіннен сотталушы жеңіл жаза түріне ауыстырылып, бас бостандығын шектеу қарастырылған. Соңғы уақытта өзіне тағылған айып бойынша жазаға мойынұсынбаған азаматқа іздеу жарияланған болатын.

– Есірткі қылсымысына қатысы бар азаматты облыс аумағынан 5 ай бойы іздестірдік. Ақырында 55 жастағы аудан тұрғынын Қызылорда қаласында жасырынып жатқан жерінен іздеп таптық. Бұл ретте криминалдық полиция қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Қазіргі уақытта қылмыскер қамаққа алынды, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Ә.Қанзадаев.

Қазіргі уақытта түрлі санаттағы қылмыстарды анықтау үшін тәртіп сақшыларына үлкен жауапкершілік жүктелген. Алдағы уақытта құқық қорғау қызметкерлері барлық жағынан қылмыс дерегін ашуға барын салмақ. Әрқашан полиция қызметіне жүгінетін азаматтардың сенемін ақтау алдыңғы орында.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
18 қаңтар 2021 ж. 800 0