Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше жарнама: жасы 21-де, ұлты – неміс

Ерекше жарнама: жасы 21-де, ұлты – неміс

kolesa.kz сайтында желіні шулатқан жарнама шықты. Шымкенттік жігіт өз көлігін ерекше жарнамалап, айрықша сипаттама берген. Сол жарнаманың мәтіні төмендегідей:
«БМВ сатылады! Түсі: черный жемчук. Объемы: 2.8.Типтроник. Жасы 21-де, яғни 1998 жылғы. Ұлты неміс – Ариец! Кезінде Германиядан Армениядағы ағайындарына қыдырып келгенде, иесінен қас пен көздің арасында айырылып қалып, жетім өсіп, одан Қазақстанға депортацияланған көлік. Содан бері өз қолымда. Тағдыр дегенде қызық-ау, бір замандарда Берлиннің түзу қара асфальтымен зулап жүрген көлік еді, бұл күндері Шым-қаланың тақтайдай (жонылмаған) ақ асфальтымен «айырып» жүр. «Жетім қозы тас бауыр», – демекші, аздап тентектеу еді, қазір жақсы. Алғашқы кездері орманға ұлыған қасқырдай арасында батысқа қарап жәутеңдеп тұратын! Қайтсін отанынан айырылу оңай ма – Германиясын сағынған түрі ғой. Содан мен де ерегескенде «до конца» баратыныма салып үйдің ауласына келгенде тұмсығын батыс бетке емес, шығысқа – Қошқар ата жаққа қарай бұрып қойып жүрдім.  Сөйтіп Германиясын ұмыттырып, нағыз қазақы көлікке айналдырдым. (Тілі жоқ әйтпесе дәл қазір руың кім десең Бағыспын деп тұратын еді.)  Жүрісіне әңгіме жоқ. Өкіріп алып басқанда, өкіртіп отырған өзің екенініңді сезініп мәз боласың. Нағыз еркектің көлігі. Моторының дауысы – жуан. Өзінен басқа көліктермен жарысқанда шаңына ілестірмейтін жел аяқ. Ходовка зың. Моторы тап таза. Бензин. Газ қойылмаған. Далада қалдырып көрген жоқ, Жолдастыққа жақсы, адал. Шынымды айтсам сатуға да қимаймын, тек «ит тірліктің» итшілік қардер-қажетшілігі бітпей, қаражаттың керек болып тұрғаны. Бастапқы бағасы 1 млн 600 деп отырмыз.»

"ТТ" ақпарат

15 қазан 2019 ж. 1 031 0