Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның 12 типі: Сіз қай типке жатасыз?

Адамның 12 типі: Сіз қай типке жатасыз?


Мінез – адамға туа бітті қалыптасып, өзгеріп отыратын қасиеттерінің жиынтығы. Ол қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға реакциясынан көрінеді. Мінез ерекшелігі жөнінде ерте заманнан бері зерттеліп келеді. Ең алғаш мінезді сипаттап жазған – Теофраст. Одан кейін А.Бен, Т.Рибо, И.Кант, М.Фуле, А.Е.Личко, К.Леонгард сынды ғалымдар мінезді зерттеп, бірнеше түрге, типтерге бөліп қарастырды. 

1. Гипертимді тип. 

Қозғалысқа бейім тип. Тым көп қозғалатыны әсерінен тәртіпсіздікке де бой беріп жатады. Шулы ортаны, көпшілік жиналған жерді жақсы көреді. Өзгелердің алдында артықшылықтарын көртесіп қалғысы кеп тұрады, сөзшең. Мақтауды жаны сүйеді, өзінің де мақтаншақтығы бар. Көп нәрсеге аса қызығушылық танытады. Отбасылық, қоғамдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарамағандықтан, қақтығысқа түсіп жатады. Жестері мен мимикалары айқын, оптимист. Бойында күш-қуаты мол. 

2. Циклоидті тип. 

Көп жағдайда бейжай күй танытады. Жалғыздықты жаны сүйеді. Кез келген жағдайды, сөзді жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан өзгелер ескерту жасағанын еш ұнатпайды. 

3. Лабильді не дистимді тип. 

Көңіл күйі ауа райынан өткен құбылмалы. Өзіне өзгелердің көзқарасы қандай екенін бірден байқайды, оған тәуелді кездері де болады. Көңіл күйі нашарлаған кезінде жақындары жанынан табылып, қолдау көрсеткені абзал. Бұл типтегі жандар достарының қолдауын аса жоғары бағалайды. Көп сөйлей бермейді, баяу ойланады. Үйде, жалғыздықта болуды жаны қалайды. Ұрыс-керістен бойын аулақ салады. Әділ, байсалды, тиянақты. 

4. Астено-невротикалық тип. 

Ақыл-ой жұмысынан тез жалығып, шаршайды. Көп жағдайда қалжыраған, көңілсіз күйде жүреді. Қырсықтық қасиеті де бар. Топпен жұмыс істей білмейді. Қақтығысқа бейім. Жай уақытта таза, ұқыпты, балаларды жақсы көреді. Ашуы келгенде дүниені төңкеріп тастауға бар. 

5. Сензитивті не тежелгіш тип. 

Көпшілік жиналған жерді, үлкен компанияларды ұнатпайды. Ондай жерде өзін жайсыз сезінетіндіктен сырт көзге тұйық боп көрінеді. Бейтаныс ортаға бейімделуі қиын. Ал достарының арасында ашық жарқын, әзілқой. Жолдас таңдауда қателікке бой ұрмайды. Ірілік, ерлік мінезі бар. Құмар ойындарға жаны қас. Басқа балаларға қарағанад ата-анасына тым жақын келеді. Өзіне де, өзгелерге де жоғары талаптар қояды. Мойнына алған жұмыстан нәтиже шығармай қоймайды. Өзіне сенімді, сезімтал, қызғаншақ. Ар-намысты бәрінен жоғары қояды. 

6. Психо-астеникалық не педантты тип. 

Өз-өзіне де, өзгелерге де баға беруге бейім. Жұмыста басқаларға зор талап қояды, ал лидерлікті кейде басқаларға береді, өзіне сенімді. Интеллектісі тез дамиды. Айналасындағы жағдайларды өзгелермен талқылап жүреді, сол арқылы кез келген жайдың дұрыс шешімдерін ойластырып қойды. Аздап салғырттығы, абайсыздығы бар. Жанжал туса да бейжай, сабырлы қалпында қала береді. Өзі соқтыққанды аямайды. Тез шешім қабылдайды. Жиі ой үстінде жүреді. 


7. Шизоидті не уайымшыл тип. 

Тұйық, ұялшақ, адамдармен ашылысып сөйлесе бермейді. Өзгелерді ұанытп, жақтырмай отырғанын көзқарасымен бірден білдіреді. Ойларын сыртқа ашық айта бермейді, алайда алтын сандықтың кілтін тауып сөйлесе алған адам ішкі жаны терең қиялға толы екенін аңғарады. Өз қатарластарына қарағанда, үлкендермен әңгімелескенді, бірге болғанды жақсы көреді. Қалжың көтере біледі. Мақсатына жетпей қоймайды. 

8. Эпилептоидті не эмотивті тип. 

Көп жағдайда көз жасыммен қорқытамын деген шешімге келеді, өзгелердің жиі мазасын алады. Өзін басқалардан жоғары санайды. Мансапта биікке көтерілу үшін бастықтардың алдында құрдай жорғалап, қолынан келгеннің бәрін жасайды. Өзін өте жақсы көреді. Жауапкершілігі бар, тым сезімтал. 

9. Истероидті тип. 

Үнемі жұртшылық назарында болуды қалайды. Ол елеусіз қалып, басқаларды мақтап жатса, жақтырмайды. Қай-қай жерде де көшбасшы болғысы келеді. Өзіне тым сенімділігі өзгелерге ұнамайды. Басқаларға ұқсамайды, басқаша ойлайды. Эгоист, екі жүзді, жұмыстан қашады. 

10. Тұрақсыз тип. 

Ерік-жігері төмен, өздігінен шешім қабылдай алмайды. Өлі балықтай өмір ағысымен қалқи береді. Жұмыссыздықты, той-думанды жақсы көреді. Кәсіби қызығушылығы жоқ, болашағына алаңдамайды. Айналасында барлық құбылысқа аузын ашып таңырқап жүреді. 

11. Экстравертивті тип. 

Достары, таныстары өте көп. Ешкімнің сұрауын жауапсыз қалдырмайды. Сұхбаттасушысын зейін қойып тыңдайды. Достары мен жақындарына лидерлікті береді. Көп нәрсені ойланбай істейді. Әңгіме айтып отыруға құмар. Уақытты көңілді өткізуді қалайды. 

12. Интравертивті тип. 

Тұйық, данышпандыққа бейім. Жалғыздықты сүйеді. Өміріне, жеке кеңістігіне біреу кірген кезде ғана шу шығарады. Ұстамды, белгілі ұстанымдармен өмір сүреді. Бірбеткей, идеяларын басқаларға мойындатқысы келеді. Ойы қате болса да, соңына дейін дәлелдеп бағады. 

Ал сіз қай типке жатасыз?

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
05 маусым 2018 ж. 7 195 748

tadalafil 5mg от 26 қараша 2022 17:52

online drugstore service canada от 27 қараша 2022 00:33

order clomiphene 50mg generic от 9 желтоқсан 2022 00:54

northwestpharmacy от 10 желтоқсан 2022 04:12

ivermectin liquid for horses от 11 желтоқсан 2022 17:39

best online canadian pharmacies от 12 желтоқсан 2022 11:47

cialis от 14 желтоқсан 2022 19:28

clomid 100mg pills от 18 желтоқсан 2022 22:55

cialis pills sale от 19 желтоқсан 2022 04:22

buy cialis pills от 22 желтоқсан 2022 01:29

discount pharmacy coupons от 24 желтоқсан 2022 01:10

fda approved online pharmacies от 31 желтоқсан 2022 01:33

rx canada от 2 қаңтар 2023 00:02

pharmacies canada от 14 қаңтар 2023 07:33

online pharmacy usa от 20 қаңтар 2023 06:26