Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

ЕГІЗДЕР


Жаздың жайма шуақ күндерінің бірі. Жайма шуақ деймін-ау, шіліңгір шілде. Көктен төгілген күннің ыстығы қара жердің құмын шығарып, шаңын көкке ұшырып жатыр. Осы ыстықпен қабаттаса біз сапарлап жүрміз. Астымыздағы темір тұлпарымыз түшкіріп – пысқырып, бұзылып келеді. Табанына тас байлағандай жүрісі де өнер түрі жоқ. Осылай келе жатқанда алыстан жалғыз үй көзімізге шалынды. Таңдаймыз кеуіп, ерініміз тартылып кеткен көл табанындай жарылуға келген біз сол үйге барып, таңдай жібітіп алғымыз келді. Көлік тізгіндеген жігіт те мәшинесін суытып алуды жөн санады. Сол оймен оқшау тұрған қазақы үйге беттедік.
Үй жанында жас шамасы бірдей екі қара домалақ асық атып, асыр салып жүр. Қаладағы қолынан ұялы түспейтін, одан қалса өзге заманауи құрылғыларға құрықталған қала балаларындай емес, маңдайларын күн қақтаған балақайлар алдымыздан шығып қос қолдап «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем беріп, үйлеріне сүйіншілей «әке, ана, қонақ келді» деп айқайлай жүгірді.
Құдайы қонағына төрін ұсынған қазақылықтан таймаған шаңырақ иесі бізге ілтипат танытып, төрін ұсынды. Қазаны оттан түспеген қазақпыз ғой. Біршама уақыт әңгімеден кейін дастархан басына ас та келді. Қолға су құйған әлгі екі балақайдың бірі тым пысық болып көрінді. Ал екіншісі ұялған күйі босағада отыра берді. Сол екеуін мақтаныш еткендей үй иесі:
– Бұлар менің немерелерім. Бірі Әмір, бірі Темір. Егіздер. Ұлым мен келінім қалада тұрады. Біздің алданыштарымыз осылар. Биыл жақын ауылдағы мектепке біріншіге барады. Бір анадан туғанмен мінездері екі бөлек.,-деп әңгімемізге тұздық құя түсті.
– Әдетте егіздердің қылығы да, мінезі де ұқсас болады деп есітуші едім. Бірақ сырттай қарап, сіздің сөзіңіздің ақиқатына таңданып отырмын, - деп сөзді одан әрі жалғай түстім.
Сол кезде менің ойымды айтпай түсінген ақсақал:
– Иә, балам. Біз егіздікті көзімізге көрінгенімен ғана бағалаймыз. Бірақ көзге көрінбейтін егіз ұғымдар қаншама. Жаратылыстың барлығы егізімен келеді. Біздің қолымызға аппақ парақ берсе, ол біз үшін тек парақ болып көрінеді. Ал, сол параққа қара сиямен нүкте салсақ, парақ «ақ парақ», нүкте «қара нүкте» деп аталады. Міне, ақ пен қара ұғымы бір сәтте пайда болды. Өмірдің барлығы бір кездері ала жіптен аттамаған адал жандардан тұрды. Қулық пен сұмдық дейтін атау мүлде болмаған. Тек шындық қана салтанат құрды. Бірақ, шындық деген де атауды ешкім атамаған. Шындық өтірік айтылғаннан сәттен бастап өмірге келген. Бірақ бұлар біздің көзімізге көрінбейді. Сол себепті осы ұғымдардың егіздігін біз мүлде байқамаймыз. Егіздерге осылай анықтама берер едім, балам,-деп сөзін түйіндеді.
Жол азабын көріп келе жатқан біздер үшін сапар сәтсіз болып көрінген. Ал, осы бір әңгіме керісінше, ең сәтті сапарымыз осы болғандай күйге түсірді. Саналы сөзден сабақ алған біздер үй қожайынының осы бір сөзінен кейін ұзақ уақыт ойға шомдық.
Осы отаудан аттанар сәтте ақсақалдан бата сұрадық. Қол жайып тұрып:
– Айналайындар, сәттілік пен сәтсіздік те бір біріне егіз дүние. Сендерге Аллам жар болып, сол егіздердің алғашқысы өздеріңе серік еткей,-деді. «Әумин» десіп тарқастық.
Таяқтың екі ұшы бары секілді, дүниедегі кез келген жаратылыстың ақ пен қарасы, оң мен солы болады. Тек таңдаудан қателеспегеніміз дұрыс.
Оңталап ЖОЛДАСОВ.
02 сәуір 2018 ж. 7 801 927

order vardenafil от 26 шілде 2021 00:29

cheap vardenafil от 26 шілде 2021 15:37

order vardenafil от 26 шілде 2021 18:29

vardenafil от 26 шілде 2021 18:44

buy tadalafil от 27 шілде 2021 22:04

tadalafil online от 28 шілде 2021 06:55

vardenafil от 28 шілде 2021 10:11

vardenafil от 28 шілде 2021 13:15

cialis tadalafil от 29 шілде 2021 05:04

vardenafil online от 29 шілде 2021 16:04

sildenafil 50 mg от 30 шілде 2021 22:31

sildenafil generic от 31 шілде 2021 04:03

sildenafil 100mg от 31 шілде 2021 13:31

buy sildenafil online от 8 тамыз 2021 15:09

kamagra pills uk от 9 тамыз 2021 03:57

kamagra jelly от 9 тамыз 2021 04:41

sildenafil for sale от 9 тамыз 2021 05:56

tadalafil 5mg от 9 тамыз 2021 16:40

sildenafil online от 18 тамыз 2021 15:53

tadalafil 20mg от 19 тамыз 2021 04:32

tadalafil 20 mg от 19 тамыз 2021 18:31

kamagra usa от 19 тамыз 2021 18:33

buy kamagra от 20 тамыз 2021 07:37

online pharmacy от 21 тамыз 2021 18:59

canada pharmacy online от 14 қыркүйек 2021 16:14

canada pharmacy от 14 қыркүйек 2021 20:52