Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ісікті кетіру жолдары

Ісікті кетіру жолдары

Жүкті әйелдердің көпшілігі ісік патологиясына жолығады. Ол тінде артық сұйықтық жиналуынан пайда болады және кей аурулардың бастапқы белгісі осы. Олардың арасында кардиологиялық, зат алмасу, бүйрек аурулары және аллергия болуы мүмкін. Олардың барлығы болашақ анаға физикалық және психологиялық қолайсыздық туғызады. Жүктілік кезіндегі ісіктің ұлғаюы сулы-тұзды алмасудың өзгеруіне негізделген. Жүктілік кезіндегі ісіктің пайда болу себептері.
Бұл құбылыстың 4 стадиясы кездеседі:

– Аяқтың төменгі бөлігінде ісіктің пайда болуы;
– Іштің төменгі жағы мен бел-сегізкөзде ісіктің пайда болуы;
– Қолдың ісінуі;
– Жалпы ісіну.

Ісіктің бар-жоғын тексеру қиын емес. Ол үшін теріні саусақтарыңызбен қаттырақ басу керек. Егер тері бірден орнына келсе, ісік жоқ. Егер кішкене шұңқыр із қалса, ісік бар болуы мүмкін.
Жүктілік кезінде ісіктің алдын алу
Ең тиімді шешім — таза су ішу. Суға лимон қосуға рұқсат етіледі. Шырын, кофе және газды сусындардан бас тартқан жөн.
Алдын алу шаралары ісікке итермелейтін барлық факторды ескере жасалуы керек:
– Тұзды тағамдарды азайту. Ашытқан қырыққабат, тұздалған қияр, тұзды майшабақ, қара нан және тұзды жаңғақтарды мүлдем жемеуге тырысыңыз. Тамақ пісірерде дүкеннен алған дайын дәмдеуіштерді қолданбаңыз;
– Аптасына бір рет жеңіл тамақ берілетін күн жасауға болады;
– Ыстық күндері далада жүрмеуге тырысыңыз;
– Шаршауға болмайды;
– Ұзақ уақыт бойы бір ғана қалыпта болуға тыйым салынады;
– Дене жаттығуын жасау ұсынылады.
Бұл шаралардың барлығы қандай да бір қарсы көрсетілім болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Таза ауада серуендеуге көп уақыт бөлу керек. Ұйықтайтын кезде аяғыңызды сәл жоғары көтеріп жатқан жөн. Аяғыңыздағы ісікті суық ванна, табан массажы және кептірілген өрік қайнатпасы жеңілдетеді. Кептірілген өрік қайнатпасын дайындау үшін өрікке қайнаған су құйып, түнге қалдырыңыз. Таңертең оны тамақ ішер алдында 30-40 минут бұрын ішу керек.
Тұз — сұйық ағзадан шыға алмауының бірден-бір себебі. Сондықтан барлық дайындаған тамағыңызды шала тұздаңыз. Статистика бойынша, жүктілік кезіндегі тұздың қалыпты мөлшері 8 г, ал қалыпты жағдайда 14 г екен.

Ғаламтордан алынды
08 қыркүйек 2019 ж. 5 629 0