ЖҰЛДЫЗДАР СЫР ШЕРТЕДІ
20 тамызға арналған жұлдыз-жорамалды Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі ұсынады.
Тоқты
Бүгінгі күннің алғашқы жартысында өте сақ болыңыз. Өз қалауыңызды орындаймын деп қателіктерге бой алдыруыңыз мүмкін. жауапкершіліктің барлығын өз мойныңызға ала бермеңіз. Жақындарыңыздың көмегіне жүгініңіз.
Торпақ
Өз ісіңізді дер кезінде нақтылап алсаңыз, жетістікке тез жетесіз. Түске дейінгі уақытта аздаған қиындықтар туындайды. Алайда жоспарларыңыздан бас тартудың қажеті жоқ. табандылығыңыздың арқасында табысқа жетесіз.
Егіздер
Күннің алғашқы жартысында түсінісбестіктер мен қиындықтардан құтылу оңайға соқпайды. Отбасылық мәселелер туындайды. Алайда олар тез арада шешімін тауып жатады. Түстен кейін жаңа серіктестермен таныс боласыз.
Шаян
Бүгін маңызды мәселелер орын ала қоймайды. Бірақ жағымсыз кездесуге барып, көңіл-күйіңіз түсіп кетуі мүмкін. Кейбір жандар есіне түсіргісі келмейтін оқиғалар туралы айтуына тура келеді. Кейде жақындарыңыз ашуыңызға тиеді.
Арыстан
Кейде болмашыға көңіл-күйіңіз түсіп, кейде балаша қуанасыз. Эмоцияға тез берілесіз. Өз ойыңызды жасыру мүмкін емес. Сондықтан кейде ашушаң, кейде жайдарлы боласыз. Түстен кейінгі уақытыңыз бірқалыпты өтеді.
Бикеш
Таңертеңгілік маңызды жұмыстарды қолға алмағаныңыз дұрыс. Есесіне бітпей қалған шаруаларды аяқтаңыз. Сонымен қатар бүгін жұмысқа қатысты қызықты ұсыныс аласыз. Көңіліңізден шықса келісім бергеніңіз жөн.
Таразы
Түске дейін айналаңыздағы адамдармен емен-жарқын әңгімелесіп, шер тарқатасыз. Қызықты адамдармен сөйлесіп, қызықты ақпараттар жинақтайсыз. Түстен кейін түрлі шаруалар атқарып, біраз жұм ыс тындырасыз.
Сарышаян
Қозғалыста болыңыз. Сонда ғана барлығы қолыңыздан келеді. Бүгін ойға алған біраз шаруаларыңызды атқаруға мүмкіндік бар. Сол мүмкіндікті уысыңыздан шығарып алмаңыз. Пайдалы іс бастап, жұмысыңыз алға басады.
Мерген
Күніңіз қарама-қайшылыққа толы, алайда қызықты өтеді. Барлығы сіз ойлағандай болмайды, дегенмен сізге маңызды іспен айналысқан өте ұнайды. Оңай жолмен олжалы болуды қаламайсыз. Соңында жетістікке жетеріңіз анық.
Тауешкі
Күніңіз бірқалыпты емес. Бұл күні қателікке тез бой алдыруыңыз мүмкін. Ескі таныстарыңыздың ақылына құлақ түріңіз. Олар мақсатқа жетудің тура жолын айтады. Өзіңізге қымбат жандармен тіл табыса біліңіз.
Суқұйғыш
Күніңіз аса табысты болмағанымен, жайлы өтеді. Көп шаруаларды кейінге қалдырасыз. Бұл шешіміңіз дұрыс болғанымен, кейбір уәыделеріңізді естен шығармаңыз. Сізге бүгін біраз адам көмек көрсетуі мүмкін.
Балықтар
Көп шаруаларыңыз қиындық туғызады. Мақсатыңызға жетуге санаулы қадамдар қалған сәтте кедергілерге тап болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ бүгін әріптестеріңізбен немесе серіктестеріңізбен келіспей қалуыңыз да ғажап емес.