Жүзім қан айналымын қалыпқа келтіреді
Жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартатын қасиетке ие. Жүзім - тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы өнім. Адамзат жүзімнің емдік қасиетін көп жылдар бұрын пайдалана білген.
Жүзім адам ағзасына қажетті А, В,С дәрумендеріне, калий, кальций, темір, фосфор сияқты минералдарға және протеиндерге бай. Бұл жемісті көптеген аурулардың алдын алу үшін пайдалануға болады. Ол тыныс алу жолдары мен өкпенің жағдайын жақсартатындықтан демікпе кезінде пайдалы. Жүзім қан құрамындағы азот оксидін ұлғайтып, қанның ұйып қалуына жол бермейді. Осылайша жүрек талмасын болдырмауға септігін тигізеді. Жемістің бұл түрі сондай-ақ, іш қатқанда, ас қортылмай қалғанда аса қажет.
Ақ жүзімнің сөлі ағзаны темірмен байытып, шаршауды басса, қызыл жүзім сүт безінің қатерлі ісігін болдырмайды. Жүзімнің бұл түрі антибактериалдық әсерімен танымал. Кез-келген инфекциядан қорғайды. Бір қызығы қартайғанда пайда болатын көптеген дерттерді осы жемістің көмегімен жеңуге болады екен. Мысалы, оның құрамындағы флавомоиттар көздің көру қабілетін жақсартады.
Артық салмақтан арылғысы келетіндерге жүзімді көбірек жеген дұрыс дейді диетолог мамандар. Өйткені ол зат айналымын ретке келтіреді. Зәр шығарғыш қасиетінің арқасында бүйрегінде тасы бар адамдарға да тигізер пайдасы көп. Ал, қант диабеті мен асқазан жарасы кезінде жүзімнен бас тартқан жөн.
Жуырда американдық ғалымдар қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы антикансерогендік ықпалы барлығын растады. Қара жүзім шырынының қан бөгелуіне де қарсы қасиетке ие екенін анықтаған. Джорджтоун университеті ғалымдарының бірі дәрігер Жан Е. Фридман екі апта бойы жиырма адамға күніге екі кеседен күлгін жүзім шырынын берген. Нәтижесінде қандағы Е дәрумені 13 пайызға, қан плазмасының жалпы антикансероген мөлшері 50 пайызға артқан. Бұған қоса, тексеруге алынғандарда қандағы бөгелменің яғни варикоз ауруының анағұрлым реттелгендігі анықталған.