Моншақ жүзім
Моншақ жүзім – жемісті гүлдің аты, бақша жемісіне жатады.
Қазақ гүл бапкерлері моншақ жүзімді жүзімдер тұқымдасына жатқызады, шырмалып өсетін жүзімдер туысы деп біледі. Қазіргі кезде оның 4000-нан астам түрі бар. Өсімдік зерттеушілерінің айтуында, 60 миллион түрден асатын моншақ жүзім әлдем елдері бақшасында егілуде. Көпжылдық ағаштектес өсімдік, оның ұзындығы 1-3 метр шамасында болады. жапырағы кезектесіп орналасқан. Шашақ гүл шоғыры жапырағымен қарама-қарсы орналасады. Гүлі жасыл түсті, ұсақ жиегі қызыл гүл түсті келеді. Құмды, ыстық жерлерде өседі.
Қазақтың көнекөз, көреген емшілері моншақ жүзімнің жемісі дәрі болатынын айтады. Күзде жемісі піскенде жинап алып, көлеңке жерде кептіреді. Моншақ жүзімнен жасалған дәрілердің қасиеті – тәтті дәмді, жылы райлы, уытсыз болады. Аурудың сыртқы белгілерін емдеп, қызылшаны сыртқа шығарады. Несепті молайтады, уытты қайтарады. Қызылша сыртқа шықпағанда моншақ жүзімнен 5 мысқал, қамыс тамыры 3 мысқал, аскөк тамыры 3 мысқалдан суға қайнатып ішкізеді. Содан қызылша бөрткендері адамның сыртына шығады, қауіп-қатерден аман қалады.
Жас баланың ыстығы көтеріліп, қызып ауырғанда, несеп жолы қабынып қызғанда, іштегі бала тынышсызданғанда да осы дәріні пайдалануға болады. моншақ жүзімінің құрамында қант және әр алуан дәрумендер көп. Ол адам денсаулығына пайдалы, кері әсері жоқ.
«Қамшы» сілтейді
Пікір 2