Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖҮКТІЛІКТІҢ ӘЙЕЛДЕРДІҢ МИ ҚҰРЫЛЫСЫН ӨЗГЕРТЕТІНІ ДӘЛЕЛДЕНДІ

ЖҮКТІЛІКТІҢ ӘЙЕЛДЕРДІҢ МИ ҚҰРЫЛЫСЫН ӨЗГЕРТЕТІНІ ДӘЛЕЛДЕНДІ

Магниттік-резонанстық томография жүктілік кезінде әйелдің ми құрылысы өзгеретінін дәлелдеді. Ағза осылайша баланың қажеттілігін өтеуге дайындалады.
 
Зерттеу бес жыл жүргізілген. Оған алғаш рет бала көтерген 25 келіншек пен сәби сүймеген 20 бойжеткен қатысқан. Сканер нәтижесі алғашқыларда мидың бірнеше бөлігінің кішірейгенін көрсеткен. Мидың бұл бөліктері эмпатияға, басқаларды түсіну қабілетіне, әлеуметтік процестерге жауап береді. Бұл өзгерістер босанғаннан кейінгі екі жылда да байқалған.
 
Барселона автономдық университетінің психологы Элбзелин Хокзем: «Бұл өзгерістер мида ескі жасушалардың жойылып, тиімді әрі арнайы нейрон торларының қалыптасуын көрсетеді»-дейді.
 
Не десек те, бұл жүктіліктің жағымсыз салдары емес. Зерттеуге қатысқан жүкті келіншектердің ешбірінде ауытқушылық яки ауырсыну байқалмаған.
 
Дереккөз: КорреспонденТ
22 шілде 2019 ж. 810 0