БІЛМЕГЕНІМДІ ҮЙРЕТКЕН...
Ене – күйеуіңнің анасы. Оған дау жоқ. Алайда қазақы салт-дәстүрді насихаттаушылар ақ босағадан аттаған келін санасына «Ене – ендігі анаң» деп сынамалап ендірумен келеді. Бірақ осы пікірді сол қалпында қабылдап, күйеуінің анасына бар ынты-шынтысымен беріліп, өз анам деп сыйлайтын келіндер де аз емес. Әрине ене де өз кезегінде жас, жаңа түскен келіннің білместігіне кешіріммен қарап, бұл да біреудің аялап отырған баласы ғой, бұл да бөтен емес, өз қызым деп қараса жөн басқа.
Мен де біреудің аялап отырған бір көзінің ағы мен қарасындай жалғызы болатынмын. Үй тірлігіне араласпаған, ерке, шолжаңдау өскенмін. Бірақ келін боп түскеннен кейін атыма айтылған сынға көп аса мән бермей, өзгелер сияқты бұрқан-талқан ашуланбайтынмын, қайта оңаша қалғанда «шынында да менікі дұрыс емес екен-ау» деп өзіме сын көзбен қарап, оны үйренуге ұмтылатынмын. Білместігім мені талай жарға жыға жаздады. Мұндайда енем көп сүйеу болды. Бірде мынадай жағдай болған еді.
Піскен-ақ екен
Келін боп түскеннен кейін екі-үш күн өткен соң енем «Мәрияш айналайын, бүгін үйге көршілерді шақырып шәй бермекшіміз, қазір мал сойылады, басы үйітілген соң, тазалап, әсіресе құлағын дұрыстап тазала, бөлек кәстрөлге аса сал» деп алғашқы «жауынгерлік» тапсырма берді. Енем мен күйеуім базарға кетті. Сонан еншіме тиген басты (әрине үйітілген) әдемілеп тазаладым. Екі құлағын кесіп алып бөлек салдым. Жағы айырылған басты кәстрөлге салып, газға қойдым. Қонақтар келіп, шәй ішілген соң табақ тартылар сәтте:
– Ал басты әкел, – деді енем. Мен дереу басты жеткіздім. Мамам (енем) шалқасынан құлай жаздады. Көзі шарасынан шығып:
– Қарағым-ау, мынаның құлағын кім жеп қойған, – дейді. Мен еш саспастан:
– Өзіңіз құлағын әдемілеп тазала деген соң кесіп алып тазаладым, ол сорпаның ішінде. Қазір әкелейін, – дедім. Бір нәрсені бүлдіргенімді білдім. Білдім де, ине мен жіпті қоса әкелдім.
– Оны не қылмақшысың, – деп енем баж ете қалды.
– Қазір папам ұрсатын шығар, орнына тігіп қояйын...
– Ойбай, құрт инеңді. Енем ашудан не істерін білмей қалды. Мен де қарап тұрмадым, жалма-жан құлақты алып басқа жапсырып отыра қалдым. Бір кезде іштен шыдамай атам шығып:
– Ау, әкелсеңдерші, жұрт күтіп отыр ғой. Неғып шоқиып-шоқиып отырсыңдар түге, – дегенде барып екі қолым құлақтан ажырап сала берді. Бірі жоғары, бірі төмен қараған қос құлақ қарасам тұрған жерінде жабысып қалыпты.
Ішке сорпа ала кіріп, көзімнің қиығымен «бас» жаққа қарап қоямын. Қолында өткір шаппасы бар қария ойында ештеңе жоқ, құлаққа қолын сала бергенле жұлынып кеткен оны ала салып, «піскен-ақ екен» дегенде барып, иығымнан ауыр жүк түскендей болды.
«Керек» сүйек
Тағы бірде қонақ келетін болып, енемнен үйіп-төгіп тапсырма алдым. Бұл жолғы сыйлы қонақтар – құдалар. Керекті сүйектерін салып бір тегеш етті алдыма қойды да «олар сағат үшке таман келеді» сен қазанға етті 12-де сал деді». Сөйтіп өзі дайын көлікпен қалаға кетті. Үйде жан адам жоқ. Әлсін-әлсін сағатқа қарап қоямын. Сағат 12 болу қайда, әлі он. Бір кезде «менің нешеде салғанымды кім қайдан біледі. Қазір сала салайын, ет пісе берсін» деген ой келді.
Құдалар келгеннен кейін барып енем қазандағы етке зер салды.
– Ойбүй, мына ет сүйегінен ажырап қалыпты ғой. Марияшжан, мынаны түсіріп алайық ыдыс әкел, – деді. Шынында да сүйегі салдырап бір бөлек, еті ылжырап бір бөлек жүр. Кәстрөл түбінде бір жалпақ сүйек жүр екен. Алып олай қарадым, бұлай қарадым да «әй, мұның ешкімге керегі бола қоймас, өзі де жұп-жұқа, кеміретін жері жоқ екен» деген ой сумаң ете қалды санамда. Әлгі сүйекті дереу жуындыға сала салдым. Кенет табақ жасап жатқан кісі:
– Жауырын жоқ қой, – дегенде барып селк ете қалдым.
– Ол қандай болатын еді, – деймін. Табақ жасаушы ауаға суретін салып көрсетті. Мен жүгіріп барып, әлгіндегі «керек» емес сүйекті алып қол жуғышқа сабындап жудым да ыстық сорпаға салып жібердім. Бірауықтан соң керексіз сүйегім, қадірлі құдалардың бірінің қолында тұрды.
Майсыз пісілген айран
Күндіз үйде ешкім болмайды. Әркім өз тірліктерімен бет-бетіне тарап кеткен. Үй шаруасын бірыңғайлап болып, кітап оқуға отырдым да айран пісілу керек екені ойыма түсті. Сөйтіп күбіге қатықты құйып алып, піспекті олай шайқап, бұлай шайқап, үсті-басымды, айналаны ақ айран етіп тастадым. Дереу айналамды жиыстырып, сүртіп енді шылпылдатпай жәймен піскен болдым. Шамасы әлгі айранды екі сағаттай айналдырдым-ау деймін. Әбден шаршап, қалжыраған соң қоймалжың айранды үлкен сырлы шелекке қайта құйып алдым.
Енем келгенде шай дайын тұрған. Күні бойы не істегенімді баяндап жүріп, шайды дайындадым. Дастархан үстінде:
– Әлгі піскен майыңды әкелсей, – деді енем.
– Қайдағы май, – деймін аң-таң қалып.
– Ау, айран пістім деген жоқсың ба? Енді соның майы болмай ма?
– Мен піскен айранның майы болмай шықты. Екі сағат піссем де май шыққан жоқ, – дедім мен де қасарысып.
– Не дейді, піскен айраннан май шықпайды дегенді сенен көрдім.
– Шын айтам мама, пісіп жатырмын, пісіп жатырмын, я май шықпайды, я айран сіздікіндей сұйылмайды, әйтеуір бір қоймалжың бірдеңе. Сенбесеңіз, көріңіз, – деп үлкен сырлы шелекті қоймалжың айранды көрсеткенімде енем ерексіз күліп жіберді.
– Қарағым-ау, қатықтың құр өзін күбіге құйып алып мың жерден тоқпақтағаныңмен ештеңе шықпайды. Оған қайнаған су құю керек. Мен өзімнің аңғалдағыма қысылдым. Іштей мұндай кемшілікті енді қайталамауға уәде бердім. Міне, мені өмір мектебі осындай қиын сынақтардан өткізіп, өмірге икемдеп еді. Сол сыннан сүрінбей өтуіме де себепші болған, енем. Қазір өмір сүру тіпті қиындап барады. Біздің қыз-келіншектеріміз өте ашушаң, жүйкелері жұқарған. Дегенмен бір күндік ұрыстың, қырық күндік қырсығы барлығын ескерсек, ененің ескертпесін дұрыс қабылдап, содан қорытынды шығарсақ, ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Өмір мені осыған үйретті.

Сәуле СҰЛТАНҚЫЗЫ