Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 газет

15 қазан 2019 ж.

№79 газет

12 қазан 2019 ж.

№ 78 газет

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Журналист болғың келсе егер...

Журналист болғың келсе егер...

Әркім әртүрлі армандайды. Ал бала кезінен оқу мен жазуға жаны құмар баладан: «Арманың не?» деп сұрасаңыз, «журналист болғым келеді» деп жауап берген болар еді. Сонымен, журналист болу үшін не істеу керек? Бүгінгі жазбамызда бәсекеге толы журналистика әлемінде өз арманыңызға жетудің жолдарын қарастырамыз.
1. Жазудан ләззат алыңыз Күн сайын газет-журналдарды, ақпараттық сайттарды қадағалап, әлемдегі соңғы жаңалықтардан хабардар болып, түйген ойыңызды қағаз бетіне түсіріп отыруды әдетке айналдырыңыз. Егер сізге оқу, жазу, адамдармен араласу ұнамаса, онда журналистика сіздің жолыңыз емес. 2. Күнделік жүргізіңіз Көпшілік танымал журналистер жазуға машықтану үшін, жас кезінен күнделік жазуды қолға алған. Алғаш жазып бастағанда не жазғаныңыз маңызды емес, бастысы тәжірибе екендігін есте ұстаңыз. Күнделік жазу арқылы, күн сайын ойыңызды қағаз бетіне түсіруге машықтанасыз. 3. Фотоаппарат серігіңіз болсын Қазір журналистердің көпшілігі қосымша фотожурналистикамен әуестенеді. Егер суретке түсіруге қабілетті болсаңыз, бұл сізге берілген үлкен мүмкіндік деп есептеңіз. Себебі, қазір журналистер мақаласының тақырыбына сай суреттерді өздері түсіруге әдеттенген. 4. Жаңызда үнемі қаламсап мен қойын дәптеріңіз болсын Адамның ойы жүйрік. Кез келген сәтте басыңызға жақсы идеялар келуі мүмкін. Түйген ойыңызды қойын дәптеріңізге түртіп жүріңіз. Бәлкім, сіздің ойыңыз ғасырдың үздік жаңалығы болып қалар. Ұмытпай тұрғанда, жазыңыз! 5. Адамдармен араласыңыз Журналистиканың мәні – таныс емес адамдармен тартымды сұхбаттаса білу. Егер сізге бөгде адамдармен танысып, әңгіме жарастыру көңіліңізге жақпаса, бұл кемшілікпен қазірден бастап күресіңіз. Білікті журналист кез келген адаммен тіл табыса білуі керек. 6. Кітап оқып, танымыңызды кеңейтіңіз Өз мамандығыңызды түсініп, танымыңызды кеңейту үшін мына кітаптарды оқуға кеңес береміз: «Сөз өнері» (авторы: Зейнолла Қабдолов), «Как разговаривать с кем угодно, когда угодно и где угодно» (авторы: Ларри Кинг), «Пособие по журналистике данных» (авторы: РИА Новости), «Новостная интернет-журналистика» (авторы: Амзин Александр). 7. Арманыңызды жүзеге асыратын ең мықты жоғары оқу орнын таңдаңыз Елімізде журналистика факультеті бірнеше оқу орнында оқытылады. Солардың ішінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Қазақстандағы журналистер дайындайтын қарашаңырақ оқу ордасы. Сонымен, аталмыш оқу ордасының студенті атану үшін не істеу керек, шарттары қандай, түсіндіре кетейік. Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультеті өзара төрт бөлімге бөлінген: * жалпы журналистика; (теле-, радио-, интернет журналистика біріктіріліп оқытылады); * Қоғаммен байланыс (PR мамандығы) ; * Баспа ісі; * Дизайн. Жалпы журналистикаға түсу үшін таңдау пәндері: Оқу сауаттылығы мен қазақстан тариxы; (20 б + 20 б)  басқа міндетті пәндерден алған балл аса рөл ойнамайды, 5 балдан жоғары алсаңыз болды. ҰБТ сертификатын алған соң, 1 маусымнан бастап құжаттар тапсыра аласыз.
• 11 сыныптан кейінгі берілген аттестат; • медициналық тексеріс анықтамасы; • 3*4 фото; Құжаттар қабылдау күні аяқталған соң, шығармашылық емтихан күндері белгіленіледі. Ол екі бөлімнен тұрады: Ауызша: 40 б; Жазбаша: 40 б; Жазбаша емтиханда берілген тақырыптар бойынша эссе жазу; (патриоттық тақырыптар, елбасы жайлы, неге журналист болғыңыз келетіндігі туралы және т.б.) Ауызша емтиханды факультеттің ең білікті ұстаздары қабылдайды. Сіздерге қоғамда болып жатқан соңғы жаңалықтар туралы, журналистикаға катысты мәліметтер жайлы түрлі сұрақтар қойылуы мүмкін. Екінші кезеңде осы уақытқа дейін газет-журналға, сайтқа шыққан мақалаларыңызды ала баруды ұмытпаңыздар. Ол да қосымша бағаланады; Сонымен: Оқу сауаттылығы (20 б) + Қазақстан тариxы (20 б) + ауызша емтихан (40 б) + жазбаша емтихан (40 б) – (20+20+40+40) = 120 балл Губашева Дариға ф.ғ.к., доцент ҚазҰУ

12 шілде 2019 ж. 123 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам