Бет күтіміне арналған 4 маска
Қант
Қант теріні жаңарта алады. Ақ және қоңыр қантты бірдей мөлшерде араластырып, су қосыңыз. Скрабты бетке жағып, 3-4 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл маска бетті тазартып қана қоймай, оны жылтыр әрі жас етеді.
Картоп
Картоптың көмегімен бетті жылтыр етуге болады. Ол үшін бетке картоп шырынын жағыңыз. Ол құрғаған соң бетті жылы сумен жуып тастаңыз. Сонымен қатар картоп бетті ағартып, дақ пен тыртықты кетіреді.
Бал
Бал мен даршынды қою қоспа болғанынша араластырыңыз. Бетке жағып, 15-20 минуттан соң жылы сумен жуыңыз.
Лимон шырыны
Лимон шырыны бетті ағарта алатын қасиетке ие. Алдымен лимон шырынын сығып, бетке жағыңыз. Лимон қабығымен 5-7 минут бойы бетті сүртіп отырыңыз. Бұл маска бетті ағартып, жұмсақ әрі нәзік етеді.