Шөппен емделуге байланысты кеңестер

Қырмызы (календула). Оның желегінде антиоксидант сияқты әсер ететін "каротиноид" бар. Қырмызы тұнбасы бас айналғанда, гастрит кезінде, жөтелгенде және тұмау тигенде көмектеседі. Оны жасау үшін 2 ас қасық қырмызыны ыстық суға салып қойыңыз. Жылы жерге 1 сағатқа қойыңыз, кейін сүзіп алыңыз. Күніне 6 рет осы тұнбадан 1 ас қасық ішіп жүріңіз. Осы құраммен баспа кезінде тамақты шаюға болады. Сүйелді кетіру үшін де қолданылады. Қырмызының спиртті тұнбасымен күйген, соғып алған және үсікке шалдыққан жерді сүртсе, ол үлкен көмек болады.
Түймедақ. Түймедақ қайнатпасы ақшыл шашқа алтын түстес өң береді, ал қара шашты жылтырата түседі. Кішкентай ғана өсімдік көптеген нәрселерге пайдалы. Тыныштандыратын, ауырған жерді басатын, құрысуға қарсы тұратын әсерлері бар. Түймедақтың эфир майында "хамазулен" деп аталатын нәрсе бар, ол зат алмасуды жақсартады және ауырғанды сездірмейтін құрал ретінде қолданылады. Тұмау кезінде және ас қорыту бұзылғанда 2 стақан түймедақ гүлін ыстық суға салып, 20 минут уақытқа қойыңыз. Содан кейін сүзіп алыңыз. Алынған тұнбаны ыстық күйінде ішіңіз.