Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР азаматтары шетелге шыққанда қандай ережелерді білу керек?

ҚР азаматтары шетелге шыққанда қандай ережелерді білу керек?

Қазақстан азаматтары шетелге шыққанда немесе шығарда қандай ережелерді білуі керек? Шетелде саяхаттау кезінде келеңсіз жағдайға тап болмас үшін Қазақстан азаматы қандай қағидаларды білуге міндетті? ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелге шығуды жоспарлап жүрген, шетелде жүрген қазақстандықтар үшін түрлі кеңестер ұсынылған нұсқаулық дайындаған.

Бүгін болмаса, әйтеуір бір күні ел территориясынан аттап шығарыңыз анық. Сапарға дайындық Шетелге шығар алдында, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алған жөн. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), туған күніңіз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтердің, паспортыңыздың аяқталу мерзімінің (паспорттың мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек) дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз.

Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз. ҚР СІМ-нің сайтындағы "ҚР шет елдердегі өкілдіктері" бөлімде көрсетілген баратын елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдық мекемесінің телефондарын жазып алыңыз. Қазақстан Республикасынан үш мың АҚШ долларынан астам шетел валютасын алып бара жатсаңыз, оны жазбаша түрде декларациялау қажет. Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елге қолындағы шетел валютасын алған жерді растайтын құжатсыз он мың АҚШ доллары көлемінде ғана шетел валютасын алып өте алады.

Бұл сомадан артық валюта алып бара жатқан жағдайда, оларды растайтын мынадай құжаттарды көрсету қажет:

– айырбастау пунктінің шетел валютасын сатып алғандығы жөнінде анықтама-куәліктері;

– банктік есепшоттан ақшаны шетел валютасында алғандығы туралы құжаттар;

– шетел валютасын аударма арқылы алғандығы туралы банктік құжаттар;

– Қазақстан Республикасына алып кірген шетел валютасы туралы кедендік декларация. Бірақ басқа шет мемлекетке кіру кезде декларациялауды қажет етпейтін ақша көлемін сұрап алыңыз.

Баратын елдерде өзіңізге қажетті дәрі-дермектердің бар-жоғын алдын ала біліп алыңыз. Кейбір жағдайларда Қазақстанда оңай сатып алуға болатын дәрілерді шет елдерде шығара бермейді немесе оларды тек дәрігердің рецептімен ғана сатып алуға болады.

Ауа райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала ем қабылдаған жөн.

Тропикалық елдерге баратындар қазақстандықтарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы егілген дұрыс. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) мен Латын Америкасына барар алдында безгекке қарсы міндетті түрде егілу керек. Меккеге баратындарға делбеге қарсы егіліп алған жөн.

Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс. Шетелге оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру үшін бара жатсаңыз, құжаттарыңызды заңдастырып немесе апостил қойғызып алған жөн.

Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ мекемелері берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамтамасыз ету құжаттарына қатысты. Көп елдерде азық-түлік тағамдарын, спиртті ішімдіктерді, темекі өнімдерін алып кіруге шектеулер қойылғанын немесе тыйым салынғанын ескеру қажет.

Мысалы, мұсылман елдеріне қандай да болмасын спиртті ішімдіктерді алып кіруге болмайды. Шетелде болатын мерзімге сәйкес медициналық сақтандыру полисін алуды ұмытпаңыз. Ол саяхат кезінде жазатайым оқиға мен сақтандыру полисінде көрсетілген аяқ астынан болған медициналық шағындардан сақтануға мүмкіндік береді.

massaget.kz
14 маусым 2019 ж. 895 0