ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ДА ЖӨНІ БАР
Сықиып киінген әйел:
- Жұмыртқа қаншадан?, –деді биіктен.
Егде жасқа келген сатушы :
- Әр жұмыртқа 25 теңге, – деді байыппен.
Әлгі:
- Мен, 10 теңгеден бәрін аламын берсең, келіспесең кеттім, - деді.
Бетін әжім басқан сатушы сәл кідіріп:
- Жақсы, айтқан бағамен алыңыз, өйткені бүгін мен ештеңе сата алмадым , – деді жымыңқырап.
Ол жұмыртқаны алып, үлкен ұтысқа ие болғандай сезімде болды.
Үстіне әлі шыбын қонып үлгермеген жаңа мәшинесіне отырып, шаңдата кете барды. Кешке өзінің жақын танысымен қаланың ең қымбат деген мейрамхансынан табылды.
Онда олар қалаған асына тапсырыс беріп , бірақ оның бәрі дерлік желінбей ыдыс ішінде қалды . Есептесетін уақыт келгенде 18 мың теңгеге отырыс жасапты, сөмкесінен екі 10 мыңдық шығара, қалдығы өздеріңе деп мәрттік жасағандай кетіп қалды.
Бұндай жағдай мейрамхана иесі үшін үйреншікті болатын, бірақ егде жастағы жұмыртқа сатушысына емес.
Неге біз мұқтаж жандардан бір нәрсе сатып алған кезде сасық тәкаппарлығымызды көрсетуге тырысамыз ?
Неге біз өзіміздің жомарттығымызды оны тіптен қажет етпейтін адамдарға көрсеткенді ұнатамыз..
Ли Куан Ю (Сингапур премьер - Министрі) кітабында мынандай сөз бар: .."менің әкем кедей адамдардан, өзіне тіптен қажет етпейтін қарапайым тауарларды жоғары бағамен сатып ала беретін еді. Мен одан неге олай істейтінін сұрағанда, әкем: "бұл қайырымдылық, ұлым" дейтін.
Кей отырыстарда, мейрамханада қалдық 200 - 300 теңгені ақша көрмей тастап жүре береміз. Бірақ одан пайдалысы көшеде ыстыққа күйіп отырған қариялардың сатқан ақжелген, жуа, картобынан алсаңыз асылы сол болмақ.
Басқа басылымнан