ҒАЛАМАТ
8 жасар Сәлім науқастанып аурухана түсіп қалған інісі Беріктің жағдайын ойлап қатты уайымдайды. Ата-аналары қолдарынан келгеннің барлығын істейді. Берікке күрделі ота жасатуға тура келді. Одан басқа жол жоқ. Бірақ, қымбат отаға ақшалары да жоқ.
Бір күні әкесінің шешесіне: «Оны тек қана бір ғаламат құтқара алады», дегенін естіп қалады. Мұны естіген Сәлім ақырын бөлмесіне кіреді де тиын жинап жүрген қорабындағы бақырларды санап шықты. Барлығын қалтасына салды да жақын маңдағы дәріханаға қарай жүгіре жөнелді.
Ішке кірсе, сатушы әдеміше киінген бір кісімен сөйлесіп тұр екен. Олардың сөздеріне кедергі болмайын деп біраз күтіп тұрды. Кішкене баланың сабыр сақтап күтіп тұрғанын сезген сатушы: – Иә, балақай, не алайын деп едің? Айта бер. Мына кісімен әлі шаруамыз біткен жоқ, – дегенде Сәлім: – Інім қатты ауырып қалды. Соған бір ғаламат алғым келіп тұр, – дейді. – Түсінбедім... – Не ғой, әкем, оған тек қана бір ғаламат көмектесе алады деген еді. Бір ғаламат қанша тұрады екен?
Мұны естіген дәріханашы бұл жолы Сәлімге мейіріммен қарап: – Сен ренжіме. Біз ғаламат сатпаймыз. Саған көмектесе алмаймын, – деді. Дегенмен, Сәлім еш іркілместен: – Оны сатып алатын ақшам да бар. Бағасын айтсаңыз болды, – деді сенімді түрде. Баланы сырттай бақылап тұрған бейтаныс жан Сәлімге қарап: – Інің үшін қандай ғаламат керек? – деп сұрады. – Білмеймін, – деді де көзіне жас үйірген күйі: – Анам оған ота жасамаса болмайды екен деді. Олардың оған ақшалары жоқ. Бірақ әкем оны тек қана бір ғаламат құтқара алады деген сөздерін естіп, дереу осы жерге келдім. – Қанша ақшаң бар? – Міне, 155 теңге! Бар жинағаным осы, – деп ақшасын көрсетті. Әлгі кісі: – Жарайсың, балам! Мына жинаған ақшаң бір ғаламат алуға жетеді екен, – деді де ата-анасына алып баруын өтінді. Әлгі әдеміше киінген адам атақты хирург екен. Ол өз ісінің білгірі еді. Ота сәтті аяқталды. Сәлімнің ата-анасы ота үшін ешқандай ақша төлемеді. – Әлі де сене алмай тұрмын. Бұл бір ғаламат!,–деп Сәлімге қарап күлімдеді. Бұл ғаламаттың қанша тұратынын Сәлім ғана жақсы білетін еді...