2019 жылдың мамыр айына арналған жұлдыз жорамал
Көктемнің соңғы айы әр белгі өкілдеріне көптеген мүмкіндіктер сыйлайды. Бірі қызметінде жаңа жетістікке жетсе, екіншісі көптен күткен махаббатын жолықтырады. Дегенмен, әр жұлдыз белгілерін өзінше жаңалық күтіп тұр. Олар қандай жаңалық? Бұл жайлы Stan.kz ұсынған 2019 жылдың мамыр айына арналған жұлдыз жорамалдан біле аласыздар.
Тоқты
Мамыр айында тоқтылар өздерінің көшбасшылық амбицияларын жүзеге асыра алатын болады. Бұл айда сіздерді жарқын болашақ күтуде. Сіз қандай да бір жобаны басқаруға немесе болашағыңызға зор ықпал ететін адамдармен танысуға мүмкіндік аласыз. Бірақ, бір нәрсені есте сақтаңыз! Яғни, ұсақ-түйектерге назар аударыңыз және мұқият болыңыз. Енді ғана ашылып жатқан келешек сізге демалуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, сіз жігерленіп күш жинасаңыз барлық жұмысты ойдағыдай жүзеге асыра аласыз.
Мамыр айында тоқтыларға мансап аясында пәрмендікті өз мойнына алуға тура келеді. Сіз басқа адамдарды басқаруды білесіз және сонымен бірге оларға ықыласпен, құрметпен қарай аласыз. Бірақ, ұсақ-түйек істермен әуре болмаңыз, себебі сіздің жоспарларыңыз әрқашан ауқымды, ал жетістіктер айналаңыздағы барлық адамды таңғалдырады. Осылайша, сіз әріптестеріңізді белгілі бір тапсырманы шешу үшін біріктіре аласыз. Ал бұны байқаған билік сіздің қызметтік мансабыңызды өсіру туралы шындап ойланатын болады. Сонымен қатар қарапайымдылық пен ұстамдылық танытуға тырысыңыз.
Мамыр айындағы қаржы саласы тоқтыларда жақсы жұмыс істейді. Сізде бәрін алдын-ала болжай алатын табиғи дарын және қаржы мәселелерінде табысқа жетудің керемет мүмкіндіктері бар. Сондықтан, өз түйсігіңізге сеніңіз.
Ал мамыр айында жеке өміріңізде жағдай тұрақсыз болмақ. Туыстарыңызбен немесе достарыңызмен қақтығыс орын алуы мүмкін. Сізге жұмыс пен жеке өмір арасындағы теңгерімді табу қажет. Себебі, мансаптық өсу болашағын көріп, екінші жартыңызға көңіл бөлмей кетуіңіз мүмкін. Сондай-ақ, жұмыс күні қаншалықты ауыр болса да сабырлылық сақтап, өзіңізді ұстауға тырысыңыз. Жаныңызда жүрген адамдарды бағалаңыз және оларға әділетсіз болмаңыз.
Торпақ
Мамыр айында торпақтарда жағдай оңынан шешілсе де, олар күмәншіл болуы мүмкін. Сіз қазір ең бастысы – рухани өсу мен моральдық қағидалар деп ойлаңсыз. Бірақ, өзіңізге тән бейтараптықпен қазір не болып жатқанын қарасаңыз, өмірдің жақсы дамып келе жатқанына көз жеткізесіз.
Бұл айда өз салаңызда жұмыс істейтін адамдармен кездесесіз. Жаңа таныстықтан бас тартпаңыз. Мүмкін, біреу сізге болашақ кәсіби өміріңізді өзгерте алатын өте жақсы ұсыныс жасайды. Сондықтан, өз міндеттеріңізді мұқият және ыждаһатпен атқарыңыз. Бірақ, маңызды мәселелерді шешу үшін жауапкершілік алуға тырыспаңыз.
Мамыр айында торпақтар табысты болудың жолдарын қарастырып, жақсы идея ойлап таба алады. Барлық жағымды және жағымсыз нәрселерді өлшемейінше, идеяларыңызбен бөлісуге тырыспаңыз.
Ал жеке өміріңізді өзгерткіңіз келсе түңілуді қойып, өзіңізді қолға алыңыз. Романтикалық одақты нығайту үшін табандылық танытыңыз, жақын адамдарыңызбен болашаққа арналған жоспарлар туралы бөлісіңіз, өз сезіміңізді білдіріңіз. Бір-біріңізге көбірек уақыт бөліңіз. Жалғыз басты торпақтар пайдасыз армандарға уақыт жұмсамауы керек. Сонда жаңа адамдармен танысуға мүмкіндігіңіз болады.
Егіздер
Мамыр айында жұлдыздар егіздерге өздерін тыныштандыруға кеңес береді. Бұл мақсатыңызға жетуге бір қадам болсын жақындатады. Жоспарларыңызды қайта қараудан және ескірген барлық нәрселерден бас тартуға қорықпаңыз. Сондай-ақ, мамыр ай сәтті болуы үшін ғашығыңызға көп талап қоймаңыз.
Мансаптық қызмет мәселелерінде егіздер басқалармен неғұрлым тығыз қарым-қатынаста болса, соғұрлым үлкен жетістікке қол жеткізеді. Күрделі жағдайларда эмоцияңызға ақыл-ойды билеуіне жол бермеңіз. Мансапқорлық пен басқаларға қарағанда бәрін ертерек алуға деген ұмтылыс елеулі қақтығыстарға әкелуі мүмкін. Ал осы кезеңде қақтығыстар мүлдем қолайсыз. Сондықтан, өз міндеттеріңізге жауапкершілікпен қараңыз. Жүргізілген жұмыс туралы есеп бермес бұрын, қателерді бірнеше рет тексеріп шығыңыз.
Мамыр айының бірінші жартысында ақшаны мұқият жұмсаңыз. Ашкөздік танытпаңыз және орынсыз шығын шығарудан аулақ болыңыз.
Бұл айда жалғызбасты егіздердің жеке өмірінде өзгерістер болады. Өзіңізге ұнайтын адаммен жылы және сенімді қарым-қатынас орнауы мүмкін. Бірақ, бұл әлі романтикалық қарым-қатынас емес, алайда одан үміт үзуге болмайды. Сондықтан, өз уақытыңызды күтіңіз және жақсылыққа сеніңіз.
Шаян
Мамыр айы шаяндардың өміріндегі бұрылыс нүктесі болуы мүмкін. Осы айда жолыңыз болады. Көптеген кедергілерді еңсеруге тура келетініне қарамастан, мұндай арпалыс сізді керісінше шынықтырып, көңілді жүруіңізге кедергі болмайды. Адамдар сізге құрметпен және үлкен көңілмен қарайтын болады.
Мамыр айында дәл сіздерге барлық салада жаңа мүмкіндіктер қақпасы ашылатын болады. Сондықтан, сәттілігіңізді жіберіп алмаңыз. Және әр түрлі шешімдер қабылдау кезінде батыл болыңыз. Бірақ, қателік жіберсеңіз өзіңізді қатаң сынға алмаңыз – сәтсіздіктерді құнды тәжірибе ретінде қабылдаңыз.
Ал кәсіптік бағытта барлық іс-әрекетіңіз мұқият ойластырылған болуы керек. Істі өз бетімен жібермеңіз, бұл жағдайда сіз бәсекелестеріңізге қолайлы болатын мүмкіндіктерді жіберіп аласыз. Барлығын бақылауда ұстаңыз. Жинақы, объективті және мұқият болыңыз. Жалқау болмаңыз, сәттілікке сеніңіз және жұлдыздар сіздің жағыңызда екенін ұмытпаңыз. Әріптестермен қарым-қатынаста сабырлық сақтаңыз, мейірімді болыңыз, мұқтаж адамдарға көмектесіңіз. Сонда қиын сәттерде арқа сүйейтін адамыңыз болады.
Қаржы мәселесінде шаяндар ақшаны қорқықпай жұмсап, көп шығынға ұшырауы мүмкін. Сіз рухани және жоғары интеллектуалды адамдар қатарына жатасыз, ал егер сізде күнделікті қажеттіліктер үшін ақша болса, оны болашаққа сақтамайсыз.
Жеке өмірде шаяндар адамдардың өзіне назар аударғанын қалайды. Дегенмен, тым елігіп кетуден абай болуды ұмытпаған жөн, әйтпесе салдары сіз үшін жағымсыз болуы мүмкін.
Арыстан
Бұл белгі өкілдері тамаша психологиялық күшке ие. Мамыр айындағы оқиғалар жақсы өрбімесе де, сіз ешқашан еңсеңізді түсірмейсіз және кез-келген жағдайда өз сенімдеріңізді ұстанасыз. Жұлдыздар күдікті істерге қатысудан сақтандырып, байсалдылық танытуға және өз әрекетіңізді бақылауға алуға кеңес береді.
Арыстандар жұмысқа қатысты көптеген мәселелерде өз айтқанын істетуге тырысатын болады. Сіз кез-келген қарсылықты көре алмаушылық деп қабылдайсыз және сізде өмір сүруді үйретуге тырысатын адамдармен жағымсыз қарым-қатынас орнайды. Қайткен күнде де қақтығыстардан аулақ болуға тырысыңыз. Сіз білімді, ойлампаз және ағымдағы оқиғаларды талдауға қабілеттісіз. Осы айда сіз нақты бір нәрсеге бағытталуы керек күш-қуаттың күшейгенін сезінесіз.
Арыстандар сондай-ақ, қаржы саласында да жетістікке жетеді. Ақша, мысалы, сыйлық немесе мұра ретінде келуі мүмкін. Алайда, сіз өте жомарт адам болғандықтан, көп ақша шашасыз.
Мамыр айында арыстандар жеке өміріне әдеттегіге қарағанда қатал әрі талапшыл болады. Бірақ, ғашығыңыздың ондай оқиғаларға дайын болуы екіталай. Сол себепті екінші жартыңызды ренжітіп алмас үшін, онымен дұрыс сөйлесуге тырысыңыз, ешбір жағдайда оның сырт келбеті мен ерекше мінезі туралы қалжыңдамаңыз.
Ал жалғызбасты арыстандарда жаңа танысулар елеулі қатынастарға айналуы екіталай.
Бикеш
Сіз қазірдің өзінде шаршағансыз, бірақ мамыр айында сізге көп жұмыс істеу керек. Себебі, жақсы өзгерістер болғалы тұр. Өзіндік сын мен өзіңе деген талапшылдықтың арқасында сіз жылдам жетілесіз, сондай-ақ белгілі бір іскерлік және әлеуметтік шыңдарды дамытасыз. Сонымен қатар, жеке өмір де қыза түседі. Сізге өткен мен болашақтың бірін таңдайтын уақыт келді. Сізге сүйікті екендігіңізді сезіну және жақындарыңыздың барлық жағдайда сізге қолдау көрсететінін білу өте маңызды.
Мансап мәселесіне келгенде құр қол отыруға болмайды. Сіз сәттіліктің арамтамаққа әкелмейтініне сенетін жансыз. Бұл кезеңде сізге қызықты идеялар келеді және сізде оларды жүзеге асыруға мүмкіндік болады. Бұл басшылық пен әріптестеріңізге жағымды әсер қалдыруға мүмкіндік береді. Сондықтан, қызметтік міндетіңізді абыроймен атқарып, сөзқұмар әріптестеріңіздің сізді әңгіме айналдыруына жол бермеңіз. Мамыр айында қаржы саласында ақшалай сыйлық күтсеңіз болады. Өйткені басшылық сіздің ұмтылысыңызды және бұрын жасалған қателіктерді түзете алатындығыңызды ескеруі мүмкін.
Мамыр айында жеке өміріңізде де жаңа таныстықтар күтіп тұр. Сізге қызыға қарап, өзіңізді армандайтын адамдар пайда болады. Сіз өзіңізге оңай назар аударта аласыз.
Ал сіз таңдаған адам өзіңізден біршама жас кіші немесе үлкен болуы мүмкін. Бірақ, жас ерекшеліктеріне назар аудармаңыз. Бұл қатынас ұзаққа бармауы мүмкін, ал романтикалық сілкініс сізге артық етпейді.
Таразы
Таразылар өзгелердің мәселесіне әрдайым аяушылықпен қарайтындықтан, кейде сізді пайдаланып кетеді. Ол, әрине, сіздің көңіліңізді түсіреді. Мамыр айында таразылар өзімен үйлесімді өмір сүріп, ішкі үйлесімділікке жету үшін тыныштыққа кеткісі келетін болады. Осы кезде шағын сапар немесе қызықты демалыс өте пайдалы болмақ. Жаңа әсерлер ескі мәселелерге басқа көзқараспен қарауға көмектеседі. Мүмкін, олардың көбісі ойдан шығарылған мәселе болып шығар.
Бұл белгі өкілдерінің кәсіби қызметі мамырда тыныштық пен тұрақтылықпен сипатталады. Қандай жағдай болмасын әріптестер мен басшылықты сөз қылудан аулақ болыңыз. Ұжымдағы пәлеқорлар мен өсекшілерге жоламаңыз. Олар сізді кейін өзіңізге зияны келетін ашық әңгіме шақыруға тырысуы мүмкін. Осы айда сізге басшылармен қарым-қатынасты реттеуге тура келеді, өйткені сіз бұрын белгілі бір бұйрықтармен келіспегенсіз. Сондықтан барлық дәлелдерді сабырмен көрсетуге тырысыңыз. Егер сіз өзіңіздің дұрыстығыңызда дәлелдей алсаңыз, онда ешқандай жағымсыз оқиға болмайды.
Мамыр айында қаржы жағдайы тыныш және тұрақты болмақ. Демалыс туралы ойланған кезде ақшаны дұрыс жұмсаған жөн.
Бұл айда отбасылы таразылардың жеке өмірі айтарлықтай үйлесімді. Ұрыс-керіс пен түсініспеушіліктің бәрі артта қалды. Сіз отбасыңызға бауыр басып қалғансыз және жақындарыңызды қуантудың ерекше тәсілдерін табу қабілеті мен жұмсақ мінезбен ерекшеленесіз.
Ал жалғыз басты таразылар өткен күннен қалған рухани жаралардан ақырында сауығып, жаңа кездесулер мен таныстыққа дайын болады. Айдың соңында өміріңізде сізге ұнайтын адам пайда болады. Бірақ, асықпаңыз, әйтпесе бүкіл әсерді бұзасыз.
Саршаян
Саршаяндар әрдайым не қалайтындарын біледі. Мамыр айында сіз айналаңыздарға әсер ету қабілетіне ие болып, оны қойылған сұрақтарды шешу үшін қолдануыңыз мүмкін. Сіз басқа белгілердің қолынан келмейтін қабілетке иесіз. Яғни, қалағаныңызға құмарлықпен қол жеткізесіз. Бәлкім, сізге іштегі жалынды суыту керек шығар. Өйткені, армандаған нәрсеңіз сізді бір күннен кейін жалықтырып жіберуі мүмкін.
Саршаяндар мансап саласында кедергіні оңай еңсере алады. Сіз сабырлық сақтаған жағдайда ғана қиындықты жеңе аласыз. Өзіңізді ұстай біліңіз және туындаған мәселелерді агрессивті әдістермен шешуге тырыспаңыз. Ынта-жігеріңізді ұстауға тырысыңыз, қажет болса, әріптестердің көмегіне құлақ асыңыз. Себебі, бұл өте тиімді болуы мүмкін.
Ал материалдық жағдай саршаяндардың өзіне байланысты болады. Сіз үлкен шығынға ұшырайсыз немесе сәттілікке жолығасыз. Сондай-ақ, сіз таңдаған жұмысыңызды табысты, дәйекті және жүйелі түрде атқарасыз.
Мамыр айында саршаяндардың жеке өмірінде өзгерістер болуы мүмкін. Ұзақ уақыт бұрын басталған қарым-қатынас дамудың жаңа серпініне ие болады. Ал жалғызбасты саршаяндарға айналасына қарауға кеңес беріледі. Себебі, сізді жақсы көретін адам жаныңызда жүруі мүмкін. Ал отбасылы саршаяндардың жеке өмірінде бәрі жақсы және үйлесімді. Сіздер алдағы уақытта бірге демалысқа шығуға үміттеніп жүрсіздер.
Мерген
Мамыр айында мергендердің бұрынғы ғашығы да, басшылары да оның қайтып келуін өтіне сұруы мүмкін. Бірақ, бірден бас тартпаңыз, кейбір адамдардың ұсынысына келіскен жөн болмақ. Сіздің ұйымдастырушылық дағдыларыңыз басқаларды таңдандырады. Өзгелерді үйрету қабілеті, қарым-қатынастың жоғары деңгейі мен жауапкершіліктің арқасында, мамыр айы сіз үшін өте табысты болады.
Мансап саласындағы ең үлкен жетістікке - біреудің жобасын жалғастырғанда емес, жаңа жоба алғанда ғана жетесіз. Сіз ақпаратты түрлі дереккөздерден аласыз және кәсіби мәселелерді шешуде оны табысты пайдаланасыз. Жұлдыздар сізге мақсатты неғұрлым нақты тұжырымдауды ұсынады, бұл жағдайда оған жету оңай болады.
Сондай-ақ, ұзақ-түйекке бас қатырмаңыз. Ең жақсы іскерлік дағдыларды көрсетіңіз және жұмысыңыздың нәтижелерін басшылыққа көрсетуге ұялмаңыз.
Мамыр айында сондай-ақ, жеке өмірде де жағымды өзгерістер болуы мүмкін. Сіз өкініп жүрген бұрынғы қарым-қатынас қалпына келуі ғажап емес. Және сізге бұл үшін күш жұмсаудың қажеті жоқ. Сондықтан жақсы эмоционалды көңіл-күйде болыңыз.
Тауешкі
Мамыр айында тауешкілер ішкі түйсігіне сүйенгені жөн. Жеке бастамаларыңыз сізге пайдалы болады. Айналаңызда болып жатқан нәрсенің бәріне назар аударыңыз. Кез-келген бөлшек немесе жаңалық мақсатқа жету жолындағы шешуші тетік болуы мүмкін.
Ал мансап өрісінде «егін жинаудың» уақыты келді. Мамыр айында сізді жаңа жобаларды іске асыру, сыйақы, жалақы өсімі күтуде. Алайда, бизнестегі жетістік басыңызды айналдырмауы керек. Прагматизміңізді қосыңыз. Алда әлі де жүзеге аспаған көптеген жоспар мен жоба бар.
Бұл айда тауешкілерді қаржылық кіріс қуантатын болады. Бұл сіздің еңбегіңіз үшін берілген сый болып табылады.
Ал жеке өміріңізде ерекше қымбат адамдармен кездесуге себеп іздеудің қажеті жоқ. Жай ғана алға бір қадам жасаңыз. Екеуіңіздің де бір-біріңізді қалайтындарыңызға сеніңіз.
Суқұйғыш
Сіз мамыр айында оқиғалардың қаншалықты жылдам өтетінін елестете де алмайсыз! Уақытты ұстап қалыңыз, сонда ғана пайда болған мүмкіндіктерді қолдана аласыз. Бітпейтін уақыт жетімсіздігі жаңа кезеңге шығуы мүмкін. Бірақ, бұл жаңа жетістіктер мен кірістердің өсуін, пайдалы байланыстар әкеледі.
Мамыр айы тауешкілерге көптен күткен мансаптық мүмкіндіктер сыйлайды. Сондықтан, барынша күш салып жақсы жұмыс істеңіз, бірақ жүктеме айтарлықтай қиын болады. Ерік-жігер мен бастамашылдық танытып, қиындықтардан қорықпаңыз. Егер бұл мәселенің мүддесі үшін қажет болса, батыл және табанды әрекет етіңіз.
Мамыр айында суқұйғыштарға қаржы мәселесін қалпына келтіру қажет. Ақшаны орынсыз шашу сізге жақсылық әкелмейді. Міндетті емес сауда-саттықтан бас тартсаңыз, сіз өмірдің басқа дәмін сезінесіз.
Ал жеке өмір бір қалыпты болады. Сондықтан, уайымдамай жұмысқа кірісіңіз. Демалыс күндері үйдегілерге, әсіресе кішкентайларға назар аударыңыз, олармен табиғатқа шығыңыз.
Балықтар
Мамыр айында балықтар мұқият және ұқыпты болуы керек, мұндай саясат сәттілікке және көптеген жетістікке әкеледі. Болған оқиғалар туралы ойланып, адамдардың мінезін және өз тәртібіңізді ой елегінен өткізіп талдап, бойыңыздағы жаман әдеттерді жоюға тырысыңыз. Егер жұмыс жоспарында маңызды нәрсе болса – оның мергізімін ұзартуға тырысыңыз. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы кездеспеген достарыңызбен кездесіп, отбасыңыздағы үлкендерге көңіл аударыңыз.
Мамыр айында балықтар кәсіби қызметінде маңызды шешімдер қабылдамауы керек. Күнделікті тапсырмаларды орындап жүре беріңіз және ерекше нәтиже алуды күтпеңіз. Сіз өзгелерге күмәнмен қарайтын боласыз, әріптестердің қызметін сынға алып, наразылық білдіресіз.
Қандай жағдай болмасын дұрыс әрекет етуге тырысыңыз. Кенеттен негізгі қызметіңіз қызықсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ түбегейлі шешімдер қабылдауға асықпайыз. Себебі, шамалы уақыт өткеннен кейін жұмысқа деген қызығушылық жаңа күшпен қайта жандануы мүмкін.
Қаржы жағына келетін болсақ, мамыр айының екінші жартысында балықтар кірісті ұлғайту туралы ойлануы керек. Бұл жағдайда басшыңызбен жалақыны көтеру туралы сөйлессеңіз немесе қосымша табыс тапсаңыз, я болмаса банкке белгілі бір соманы пайызбен салсаңыз болады.
aqmeshit-aptalygy.kz