АЛАМО МИССИЯСЫ

Бұрын қамал әрі католик миссиясының қызметін атқарған. Бүгінде Техас штатының Сан-Антонио қаласында орналасқан мұражай ғимарат кешені ғибадатхана мен оны қоршаған құрылыстардан, қамал түрінде салынған қабырғадан тұрады. Бұл құрылысты ХҮІІІ ғасырда Испан империясы жергілікті халыққа діни білім беру мақсатында салдырған. 1793 жылы Аламо кешені қараусыз қалады. 1849 жылы Техас штаты Америка Құрама Штаттарына енген соң Аламо әскери бекініске айналады.
«Аламо» атауы әскери бекініс болғаннан кейін берілді деген болжам бар.
1876 жылы АҚШ армиясы өз миссиясын тоқтатып, Аламо Техас штатына сатылады. Бүгінде ол жер көбіне туристер тамашалайтын жер немесе жай ғана тарихи ескерткіш ретінде бағаланады.