Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қызқашар (дәстүр)

Қызқашар (дәстүр)

«Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болы сүй» дейтін көрінеді. (Х. Арғынбаев). Күйеудің келуін «ұрынкелу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қызқашар» дейді. Бұл «ұрынтойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» – жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын «қолұстатар», «шашсипатар», «қызқұшақтар», «арқажатар», «көрпеқимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін-бір көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін-бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні-қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса, ол қазақ заңында өте ауыр іс саналады. Оның арты үлкен дауға ұласып жатады. Күйеу себепсіз бас тартса, бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады және айып төлейді.
Шаңырақтүйе (дәстүр).
Ұзатылып келе жатқан қыздың және оның жанындағы әйелдердің (шешесі, жеңгесі, сіңлісі т.б.) мініп келе жатқан көлігі «шаңырақтүйе» деп аталады. Және ол келін үшін ыстық, қасиетті мал болып саналады. Бұған жолшыбай кездескен немесе бөтен адам мінбейді. Егер міне қалса, оны көрген жұрт «пәленше келіннің шаңырақ түйесіне» мініп келді деп келемеждеген.
Ертедегі салт бойынша, көште үлкен шаңырақ жеке түйеге артылып, алдымен жүреді екен. Оған адам мінбейді, ат пен жетелейді, «шаңырақтүйе» деген сөз осыдан шыққан екен.
09 сәуір 2019 ж. 2 141 0