Тұрсынжан Шапай. Маймыл
Идея кішкентай қызымнан шықты... Демалыс күні xайуанаттар паркіне алып барғам.
Бізден басқа да жан иелері бар екенін, тіпті, көп екенін, және оны кинодан, теледидардан ғана емес, нақты өмірде өз көзіңмен көруге болатынын түсінгенде, ит пен мысықтан басқа ештеңе көрмеген бес жасар қызымның есі шықты!.. Енді жексенбі сайын, таң атпай тұрып алып, зоопаркке апар дейді... Мен – апарам. Әсіресе, маймылдардың маңынан кете алмаймыз. Қызымды олардың адамға ұқсастығы қайран қалдырады. Қимыл-әрекеттерін қызықтайды, сөйлей ме деп сұрайды... Күндердің күні: «Әке, бұлар қашан біз сияқты адам болады?» деп, мені әбден тығырыққа тіреді. Мен эволюция теориясынан білгенімді айтқан болдым. Энгельс дейтін ақылды атаның «Адамды адам еткен – еңбек» дегенін де мәлім қылдым... Содан пәлеге қалдым!.. «Маймылдың баласын асырап алып, тезірек адам жасайықшы» деп, күнде-күнде ызылдап, құлақ етімді жеп қойды. Қызымның айтқаны мен үшін – заң. Ақыры, «болсын» дедім. Тапсырыс беріп, алыстағы джунглилі арал елінен маймылдың сүйкімді бір баласын алдырдым. Маймылдан адам жасауға болатынын дәлелдемекке, жұмысты тастап, бірыңғай тәрбиешілікке көштім... Әуелі, бойын түзеп, еңсесін тіктеу үшін, қолына таяқ беріп, бақтан алма қақтырдым. Бассейнге түсіріп, суға жүзуді үйреттім. Аулада жер қаздырып, ағаш ектірдім. Әртүрлі спорт ойындарына баулыдым. Әйтеуір тыным таптырғам жоқ...
Бетінен қақпадық, құдайдың еркесі болды... Жеке құжаттарына мақтанышпен «қазақ» деп жаздырдым. Неге мақтан етпеске?..Осындай бір қазақ тәрбиелеуге мендей-ақ еңбек сіңірсін!..
Бұл бір талантты маймыл болып шықты! Эволюция жолын қысқа мерзімде жүріп өтті. Алпыс күнде бойын тіктеді. Алты жылда тілі шықты. Және, қазіргі талапқа сай, үш тілде!.. Ән айтып, домбыра тартты, пианинода ойнады. Атқа мінді, велосипед тепті, компьютерді меңгерді. Жан-жақтан шақырылған қаншама мамандардың көмегімен және өзімнің жігер-қажырыммен аз жылда адам кейпіне келді. Денесінің түктері түсті, тайқы маңдайы жазылды. Арт жағының ыңғайсыздау қызыл-жалтыр тұстарын табиғи тері жапты... Батқан кеңсірігі бері шығып, танау тесіктері ықшамдалып, қатқан қыр мұрын болмаса да, қазаққа жаттығы жоқ сүйкімді тәмпіш мұрынға ие болды. Косметикалық отаның осындай небір ғажайып тәжірибелерінің нәтижесінде маймылымыз әжептәуір көрікті жігіт болып өсті. Бетінен қақпадық, құдайдың еркесі болды... Жеке құжаттарына мақтанышпен «қазақ» деп жаздырдым. Неге мақтан етпеске?..Осындай бір қазақ тәрбиелеуге мендей-ақ еңбек сіңірсін!..
Рас, менің де, мен жалдаған қаншама мамандардың да қолынан келмеген екі нәрсе болды. Біріншіден, бұл маймылдың қолының сұғанақтығын қойдыра алмадық. Онымен жайбарақат сөйлесіп тұру мүмкін емес – қолы тыныш таппай, сумаңдап, сенің ана қалтаңа бір, мына қалтаңа бір кіріп-шығып жүреді. Оны қойып, әрі-беріден соң , көз ілеспес жылдамдықпен қойны-қонышыңды аралап кетеді... Есейе келе, рас, онысын азайтты, бірақ әдет деген қиын... Қарсы жолыққан адам, амандасып өткенше, қалтасындағы ақшасынан қағылады, ол жоқ болса, қалам, тарағынан айырылады... Және көсеудей сумақай қолының епсектілігі мен жылдамдығы сонша, қас қаққанша, қалай тоналып қалғанын ешкім байқамай да қалады. Екінші бір әдеті – барлық маймылдар сияқты, айнаға жаны қас... Алдына қандай айна қойсаң да, оған...маймылдың бейнесі шағылады да тұрады... Бұл ғажапқа түсіне алмай-ақ қойдық. Айнадан аулақ әкетсең – адам, айнаға қаратсаң – маймыл... Зоопарктегі маймылдар да солай еді – айна көрсетсең, ыза болып, шақ-шәлекейі шығып, сені парша-парша жыртып тастағысы келіп, тап-тап беретін... Қолының әбжілдігі де сол тұқымдастарынан аумай қалған. Бұлардың тор ішінде отыра қалып, бір-бірінің битін қарағандағы жып-жып еткен тіміскі саусақтарының жүйріктігін, жейтін анау-мынау ұсына қалсаң, сен қолыңды созғанша, қақшып алатын ұшқырлығын талай байқаған шығарсыз... Қандай тәрбиеге де көнбейтін осындай xайуани түйсіктер болады екен... Табиғат заңы қиын ғой...
Бұл ғажапқа түсіне алмай-ақ қойдық. Айнадан аулақ әкетсең – адам, айнаға қаратсаң – маймыл...
Орта мектеп бағдарламасын сәтті меңгерген маймылымды елдегі ең қымбат жоғары оқу орнында оқыттым. Оны бітіре салып, қалай жолын тапқанын білмеймін, әкімшіліктен бір-ақ шықты! Әжептәуір қызметке ілікті. Әрине, менен де біраз қаржы-қаражат шыққан шығар, оны қойшы... Ал, жалпы, өзіне керек қаржыны ол менен сұрап жатпай, саусағының ебімен-ақ тауып жүрді. Ол саусақтар, әрине, менің де қалтамның түбін талай тексеріп шыққанында күмән жоқ... Ең бастысы, өзім «білмей» қалсам болды да... Табиғи инстинкке дауа жоқ. Әйтеуір, басқаларды үптегенде, бірде болмаса, бірде ұсталып қап, абыройымды айрандай төкпесе екен деп, соған ғана алаңдаймын. Мені ғой тонай берсін, оның алдында былай да міндеткер адам емеспін бе...
Менің маймылым ыздиып киінді, тамақты талғап тек қымбат ресторандардан ішті. Кісі қызығатын небір көліктердің бірінен соң бірін алып мінді. Қызу қанды xайуан жұрағаты емес пе, топ-тобымен жолда адам да қағып мертіктірді – ештеңе болған жоқ... Джаз, блюз тыңдап, ара-тұра классикалық музыка концерттерінде төбе көрсететінді шығарды... Өркениеттің бар игілігінен тек... айнаға жоламайды. Айнаға қараса, баяғыша... маймыл көрінеді... Үйінде, жолында, кеңсесінде айна тұрмайды. Бесіктен белі шықпай жатып, партияға кірді, әкім болды – оған да ешкім таңғалмады... Онсыз да сұғанақ маймыл-қол енді, тіпті, ойнап кетті. Сумаңдай тіміскіп, кірген-шыққанның қалтасын тазалаумен болды... Ісі түскендер, әрине, білмеген болды. Еркімен тонатты... Менің маймылым аз уақытта шенеуніктік ортаның өмір сүру дағдысын, мінез-құлқын, бар-жоқ этикетін түгел меңгерді. Бұған қоса, заман үрдісімен, бірнеше әйел, әлденеше көңілдес ұстады. Тәкәппарсып, танауын таңқитқаны сонша, әке орнына әке, шеше орнына шеше болған менің өзімді менсінбей кетті... Мейлі, аман болсын дедік... Бірақ көп ұзамай, елдегі өте ірі, қазыналы орындардың біріне бастық болғанда, шыны керек, шошыдым... Ана... көсеудей ұзын қолдың мүмкіндіктерін жақсы білем ғой!..
Айтқанымдай, жылдым қол қазынадан сүңгіп, қалтадан шықты. Қалтадан кіріп банктерді шарлап кетті. Мидай былықтырды, судай сапырды... Кемшілігімді мойындаймын – обал-сауап дегенді оған ұқтыра алмап едім... Бірақ оны xайуан тұрмақ, адамға ұқтыру оңай ма? Ұрлығын тыныш жасап жүре бермей, күндердің күні, ол енді саясатқа араласқысы келетінін мәлімдеді. Депутаттықтан бастамақ сияқты... Бұл шіркіннің моралін, пиғыл-ниетін, шыққан тегін жақсы білетін бірден-бір адам – мен ғой. Ертең мұның джунгли салтына негізделген қандай заңдар шығарып, кімдердің сойылын соғатыны, қандай жабайы бастамалар көтеріп, нендей былық тапсырмалар орындайтынын ойлап, ұйқым қашты... Жоқ, бұл маймылды тоқтату керек! Дереу тоқтату керек! Ол үшін оның кім екенін, қайдан шыққанын еске салу парыз. Бірақ бұл бәтшағарды бүгінде үлкен тұлға деп танитын көпшілікке оның адам сықпытты маймыл екенін қалай айтып, қалай ұғындырарсың... Мүмкін емес!.. Демек, жұрт сенбесе қойсын, кім екенін, алдымен, оның өзіне дәлелдеуім керек. Айдай әлемге әшкере болудан қорқып, сонда ғана құдайын еске алар...
Ақыры, ойлап-ойлап, кісі бойындай үлкен айнаға тапсырыс бердім. Оны жақсылап оратып, күдік алмас үшін, сыртына аты-жөнімді жазып, туған күніне сый ретінде салып жібердім!.. Картина деп ойлап қалған болу керек, көмекшілері айнаны тігінен қойып, жамылғысын сыпырып алғанда, маймылым шыңғырып, құлап түскенін ертеңінде-ақ естідім. Аузынан ақ көбік ағып, талып қалыпты... Тамаша... Енді мен оған апта сайын, бір айна салып тұруға бармын... Қазір ол өте ықпалды, қауіпті... адам – мені қудалап, тіпті, қастандық ұйымдастыруы да мүмкін... Бірақ менің басқа шарам жоқ. Мен алған бетімнен қайтпаймын! Анық білетінім – құдайын, тегін ұмытып, қазір мықты кісі атанып жүрген барлық маймылға... бір-бір айна керек... Соның ішінде, әсіресе, өзің бағып-тәрбиелеген маймылың үшін өте-мөте жауапкерсің...
Мәдениет порталы
http://madeniportal.kz/article/1069