Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

АСҚАР ТАУ

Әке...
Осы сөзді айтсам бір түрлі қанат біткендей, құс сияқты қалықтайтындай сезімде боламын. Арманға жетелеп, ерлікті білдіріп, алдыңа күннің бар жарық нұрын өзіне жиып алып, соған қарай төніп тұрған шыңды көргендей боламын. Нұрға бөленген мейірлі де, мейірімді, тірек болар, пана болар, жол көрсетер шың - әке. Иә, әке – асқар тау, асқар шың.
Әкенің мейірімі, басыңнан сипап күле қарағаны жаз самалындай әсер етеді. Осындай мейірімді, жылы жанды адам мені өмірдің кейбір қиыншылығынан қорғап, асқар белдерінен демеп асырып, сылдырап аққан бұлағынан нәр беріп, алып бәйтерегімен өмірдің аптабынан қорғап тұрған асқар тау сияқты көрінеді. Әке - әркімге де асқар тау, ана – өмір сыйлап, нәр берер бұлақ, бала – жағасындағы құрақ. Әр әке арманы – құрақтың өсіп қатаюы, шыбықтың шыңдағы бәйтерек боп өсуі, балапанның өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін.

Асылбек СЕРІКБАЕВ,
7-сынып оқушысы
23 наурыз 2019 ж. 2 214 0