Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Түске дейінгі уақыт маңызды мәселелерді шешуге, зат сатып алу немесе сатуға қолайлы сәт. Бірақ кез келген істе абай болыңыз. Өзгелердің өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Түстен кейін көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін.  

Торпақ
Пікірлеріңіз бір арнадан шығатын жандармен немесе әріптестермен ұйымдасып жұмыс істеуге қолайлы күн. Жақын адамыңызбен болмашыға бола сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Сабырлы болуға тырысыңыз.

Егіздер
Сүйіктіңізге көп көңіл бөліңіз. Эмоцияға берілмей, ашық-жарқын мінез танытыңыз. Әйтпесе кез келген әңгімеңіз кикілжіңге ұласуы мүмкін. маңызды мәселелердің тез арада шешімін табуға тырысыңыз.

Шаян
Соңғы күндердегі іс-әрекетіңізге есеп беріңіз. Жақындарыңыздың жанынан табылуға, олармен ашық пікірлесуге тырысыңыз. Жүйкені жұқартпаңыз, сабырлы болыңыз. Балаларыңызды мәселелеріне де бас қатыруға тура келеді.

Арыстан
Көптен бері ойыңызда жүрген сауалға жауап аласыз. Сауда-саттықта жолыңыз болады. Дегенмен барлығына мұқият болғаныңыз жөн. Ақша мен затқа тиянақты болыңыз. Кешке қарай денсаулығыңызға күш түсірмеңіз және отырыстардан бас тартқаныңыз жөн.

Бикеш
Алдағы мақсаттарыңызды айқындап алыңыз. Сізге бұл күні ешкім кедергі келтіре алмайды. Бүгін жеке қарым-қатынастарды реттейтін күн. Жақындарыңызбен ара-қатынасыңызды жақсартып, жаңа таныс адамдарға жағымды әсер қалдырасыз.

Таразы
Бүгін қиялға берілмей, нақты іске көшкеніңіз жөн. Сонда ғана өміріңізді жаңа арнаға бұрып, жақсы өмірге қадам жасайсыз. Алға жылжуға кедергі келтіретін жандармен ара-қатынасты үзіп, болашағы жоқ жобалардан бас тартыңыз.

Сарышаян
Бүгін келіп түскен ұсыныстарға бас  қатырмаңыз. Оларды ойлап жүретін сізде уақыт жоқ. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Таңертеңгілік жұмыста да, үйде де аздаған түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Түстен кейін барлығы өз орнына келіп, жаныңыздағылармен тіл табысасыз.

Мерген
Ұсақ-түйек тірлікті жиып қойып, маңызды іске ғана ден қойыңыз. Өзіңізге пайдасы тиетін ақпаратқа қанық болып, қызықты басқосуларда боласыз. Күтпеген жерден олжалы болғалы тұрсыз. Ғашық жандарды тосынсыйлар күтіп тұр.

Тауешкі
Бүгін есте қаларлықтай күн болмақ. Қызықты кездесулер болып, жағымды әсер аласыз. Орындалуы тиіс істердің жоспарын құрыңыз. Ескі достарыңызбен бас қосып, қызықтың кештің куәсі боласыз. Осы сәтті пайдаланып, бұрынғы таныстарыңызбен байланысыңызды үзбеңіз.

Суқұйғыш
Жан-дүниеңіз рухани байып, кемелдене түсесіз. Ерекшелік пен шынайылықты жақсы көретін адамдар биікке өрлейді. Сіздің бұл қасиетіңізге қызығып та, қызғана да тқарайтындар болады.  

Балықтар
Сізден достарыңыз, әріптестеріңіз немесе туыстарыңыз көмек сұрауы мүмкін. Сіздің көмек сұрағандарға қол ұшін беруіңіз, адалдық танытуыңыз отбасы мүшелерінің наразылығын тудыруы мүмкін. Бірақ ешкімге алаңдамай, өз адамгершілігіңізге салып әрекет етіңіз.

kyzylorda-news.kz
11 наурыз 2019 ж. 776 0