Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балам озсын, парасатты болып өссін десеңіз!

Балам озсын, парасатты болып өссін десеңіз!


Ініңіз,ұлыңыз, қарындас-сіңліңіз болашақта беделді, абыройлы хəм сыйлы болғанын қаласаңыз жақсылап оқыңыз.
Бірінші: тəрбие үйден басталады. Сондықтан үйде жақсы сөз айтып , көңілді сөйлесіңіз. Шылым-алкогольдың зияны туралы күніне 1 мезгіл құлағына құйып отырыңыз. "Доча, роднулья,сынулья" деп отарлаған опасыздардың тілінде күбірлеуші болмаңыз!
Екінші: балаңыздың бөлмесін компютер , ойыншық, т.б. қажетсіз гаджеттерге толтырмай қабырғаға əлем картасын іліп , сөрелерді кітаптарға толтырыңыз. Əлем картасы- тұнып тұрған энциклопедия! Қараған сайын бала əлем тануға қызығушылығы арта түседі. Ол қызығушылығы кітап оқуға итермелейді. Ал кітап - сарқылмас байлық!
Үшінші: ақшаны керексіз жұмсақ ойыншықтарға шашқанша Алаш көсемдерінің , ұлт мақтаныштарының портретін жасатып қабырғаға іліңіз немесе шағын альбом,буклеттер жасап беріңіз. Ол кісілер кім екенін , ел үшін не істегенін , қанша тер төккенін айтудан жалықпаңыз. Бұл оның алдағы уақытта кімге бой түзеп , қандай тұлға болып қалыптасатынына көмектеседі. Жастайынан "бетмен , супермен ,человек паук, халктарды" көріп , соларға еліктегеннен əлдеқайда жақсы ғой солай ма?
Төртінші: Өзіңізді "супер-саясаткер" санап, баланың алдында көсіліп полиция, дəрігер , үкіметті, ұстаздарды қаралап , жерден алып жерге салып отыруды доғарыңыз! Қайталаймын , доғарыңыз! Бала жастайынан қоғамға қарсы көзқараспен өседі мұндайды тыңдап!
Бесінші: Балаңыз ойынхана , түнгі клуб соңында кетпесін десеңіз мегацентр, сауда үйлер , кафе-ресторандарға апарағанша-мешіт, кітапхана , мұражай , кесене , мəдени орталықтарға апарып үйретіңіз. Мұндай ортада өскен бала түнгі клубтардан жиіркенетін болады.
Алтыншы: Олимпиадада неге қазақ баласы жоқ ? - деген сұрақ туындатпас үшін сіздерден өтініш, балаңызды үйірмеге беріңіз! Күйген дүние күйіп кетсін! Мейлі жаңа шубаға ақшаңыз жетпей қалсын , сол ақшаға балаңызға қажетті спорт жабдықтарын алдырыңыз. Үйге турник , кір тастар алдырыңыз! Алдыра алмайсызба , үйірмеге бере алмадыңыз ба - "өй осы қазақтар доп тебе алмайды , өй қазақтардан түк шықпайды" деген əңгімені доғарыңыз! Доғарыңыз!
Жетінші: салт-дəстүрге , иманына , рухына өтініш уақыт бөліңіз!
Сегізінші: ұлыңыз көшеде төбелесіп келсе ұрысып , жекірудің қажеті жоқ. Ол бала болған соң бəрібір төбелеседі. "Ой балам , ол сенен алып қой , сондада тайсалмаған батырым " деп рух беріп , біреуге өзің тиіспе , тиіссе намысыңды берме деп айтыңыз! Бұл менімше ынжық , рухы əлсіреген қазақ жігіттерінің санын азайтады. Рухты жігіттер көбейсе - ешқандай ұлт төбемізге шықпас еді... 
Аты шықпаған қызымыз бен аты шулы батыр ұрпағымыз көбейсін! 
Саналы,салихалы ұрпақ ата-ана үшін екі дүниенің де бақыты!
22 қаңтар 2018 ж. 1 320 0