КҮЙГЕН ТЕМІР ТОСТАҚТЫ ТАЗАЛАУ ЖОЛЫ

Не керек?
ПВА клей 1 дана;
72% кір сабын.
Не істеймін?
1. Сабынды теркадан өткізесіз.
2. Үлкен ыдыс керек сковородка сыйып кететіндей, су толтырып ысытамыз. Суға туралған сабынды және клейді саламыз, сабын толығымен еріп кеткенше қозғаймыз.
3. Сковородканы жаңағы қайнап тұрған қоспаға саламыз (газдың астын жәй қылып қоямыз), үстіне кейде кеде су құйып тұрамыз арасында (Су қоюланып кетпеуі үшін).
4. Екі сағаттан соң қоспаны төгіп тастаймыз да үстіне жылы су құйып суытамыз. Ал енді қарасаңыз қатып қалған май және кірлер жұп жұмсақ болып үлбіреп тұр.
5. Қазан қырғышпен жәй ғана сүртсеңіз жылтырлай түседі.
www.miss.inform.kz