Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең нәтижелі 10 іс-қимыл

Ең нәтижелі 10 іс-қимыл


Жаңадан танысқан адаммен сөйлесу барысында оның сіз туралы ойын алғашқы 4 минутта-ақ қалыптасады. Әрі сіз туралы әсері сөзіңізден гөрі вербалды емес, яғни сіздің іс-қимылыңыз арқылы қалмақ. 

1. Алақаныңызды бүкпей отырыңыз 

Сіздің қолыңыз әңгіме үстінде әңгімелесуші адамға көрініп отыруы тиіс. Мұндай белгіге қарсы алдыңызға кісінің миы бірден назар аударады. Әңгімелесушіңіз сіздің сөздеріңізге оң көзқараспен қарап, кездесуіңіз жақсы өтпек. 

2. Саусақтарыңызды әрлі-бері жая бермеңіз 

Жұрт алдында сөз сөйлегенде саусақтарын біріктіріп, қолын иегінен төмен ұстайтындар сенуге тұрарлық адамдар екенін естен шығармаңыз. Сондықтан, саусақтарыңызды, қолыңызды иегіңізден жоғары көтеріп, соза бермеңіз. Бұл сіздің абыройыңыз бен басқа адамдардың сізге деген көңілін түсіреді. 

3. Шынтағыңызды сүйенішке қойыңыз 

Егер адам шынтағын орындықтың сүйенішіне тіреп отырса, беделі жоғары, ерік-күші мықты тұлға болып көрінеді. Әлбетте, сіз де осылай отырсаңыз, әңгімелесушіге оң әсер қалдырасыз. Ұялшақ, әлсіз адамдар орындыққа жабысып отыруды жөн көреді. Бұлай отырудан қашық болыңыз. 

4. Өз кеңістігіңізді сақтаңыз 

Жақсы танымайтын адамның жеке кеңістігі бар екенін ойыңызда сақтаңыз. Алғашқы кездесуде бұл өте маңызды. Егер әңгімелесушіге тым жақындап кетсеңіз, ол өзін ыңғайсыз сезініп, кері шегінуі мүмкін. Жасы өзіңізбен қатарлас адаммен жақын тұруға болады, ал үлкен мен жас арасындағы кеңістік үлкен болғаны абзал. 

5. Қарсы жақтың қимылын айна-қатесіз қайталаңыз 

Әңгімелесуші адамның сөйлеу мәнерін, қимыл-қозғалысын, өзін қалай ұстайтынын дәлме-дәл қайталап отырыңыз. Сіздің оған деген қызығушылығыңыз артқанын байқап, соңында сізбен араласу өте оңай екендігін айтатын болады. 

6. Оның сөйлеу шапшаңдығын көшіріп алыңыз 

Әркімнің сөйлеу шапшаңдығы ойлауының жылдамдығымен байланысты. Әңгімелесушіңіздің жылдамдығымен бірдей немесе одан сәл жайырақ сөйлеңіз, оның интонациясын, екпінін қайталаңыз. Айналасындағылардан тез сөйлейтін адамды көбіне күйгелек, маңайындағыларға қысым көрсететін адам ретінде қабылдайтынын зерттеулерден аңғаруға болады. 

7. Қолыңызды қусырмаңыз 

Екі қолын кеудесіне қусырып ұстаған адам жанындағылардан бөлектенгісі келіп, ұнатпағанын білдіреді. Жеке кездесулерде қолыңызды қусырмаңыз, егер жаныңыздағы адам солай жасаса, бұл кейпін өзгертуін сұраңыз. 

8. Әңгімелесушіңіздің шынтағынан сүйеп ұстаңыз 

Егер ол бірінші болып істемесе, сіздің де жасамағаныңыз дұрыс. Бірақ 3 секундтай әңгімелесушіңіздің шынтағына жай тиіп кетсеңіз, оның сізбен біріге іс бастауға дайындығы 68%-ға дейін көтеріледі. 

9. Есімін қайталаңыз 

Біреумен жаңадан танысқан кезде қол алысуларыңыз керек. Ққол алысып жатқанда сол қолыңызбен оның шынтағынан немесе білегінен жай ғана ұстап, есімін қайталаңыз. Бұл оның есімін дұрыс естігеніңізді білдіреді. Мұндай әдіс оған жақсы әсер беріп қана қоймай, сіздің болашақта осы есімді ұмытпауыңызға да көмегін тигізеді. 

10. Сөйлеп жатқанда бетіңізді ұстамаңыз 

Зерттеулерге сүйенсек, өтірік айтып тұрған немесе шындықты жасырып тұрған адамдар мұрны мен бетін көп ұстайды. Бұл адам өтірік айтып тұрғанда оның қан қысымының көтерілуімен түсіндіріледі. Тіпті, мұрныңыз кенеттен қышыса да, жаныңыздағы адамдар өтірік айтып тұр деп қабылдауы мүмкін. Сөйлеп тұрғанда қолыңызды бетіңізден аулақ ұстаңыз. 

Жұмыс бабымен келіссөздерге, маңызды кездесулерге барар алдында жақсылап дайындық жүргізіңіз. Бәрін мінсіз орындап жатқаныңызды елестетіңіз. Бәрін алдын ала ойластырып алсаңыз, кездесу сіздің пайдаңызға шешілетініне сеніңіз.
09 ақпан 2019 ж. 836 0