Жұмыста айтуға болмайтын 5 сөз

"Бұл менің шаруам емес!"
Бұл сөз – өте дөрекі. Жұмысыңыз қанша қарбаласып жатса да, әдептен озбай, сыпайы ғана жауап беруге тырысыңыз. Оның орнына "бұл шаруамен (қызметкер аты) барғаныңыз жөн" деп көмектесіп жіберіңіз.
"Сен қателесесің"
Біреуді дәл осылай шорт кесіп, айыптауға болмайды. Бұл кеңсе этикетіне жат. Оның орнына өз пікіріңізді білдіріп, "Мен келіспеймін. ... үшін келіспеуге болады. Сіз қалай ойлайсыз?" деп сыпайы диаллог құру керек.
"Менің уақытым болмады"
Бұлай ақталғанша, тапсырма нақты қашан орындалатынын айтып, кешірім өтінген жөн.
"Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім"
Өзіңіздің жұмысқа деген құлшынысыңызды бұлай тұншықтырудың орнына "келесіде жақсы нәтижеге жету үшін нені жетілдіру керектігін айтсаңыз" деп прогрессив ойға ұмтылыңыз.
"Бұл тек бір минут уақыт алады"
Әріптесіңізді бұл тәсілмен көндіріп, оны осылайша шын сендіремін деу – әбестік. Себебі бір минутта біте қоятын шаруа кемде-кем. Бір минутта бітеді деуін деп алып, жұмыстасыңыздың одан да көп уақытын алсаңыз, ыңғайсыз жағдайға тап болуыңыз мүмкін. Одан да диалог басында "бұл жұмыс осынша уақыт алады" деп нақты айтыңыз.
massaget.kz
Пікір 2