ƏКЕ ӨСИЕТІ
1. Айтуға болатын - естуге болмайтын сөз.
Ол, қандай сөз?
Біреуді жаның күйгеннен қарғап, бәләғаттап жібердің. Біреудің сыртынан өсек айтып, ғайбат сөйледің т.б. Дәл сондай сөз бен істі өзің естігің, көргің келмейді ме?! Балам,- онда өзге пендеге де азар беруден аулақ бол! Ол - Ібілістің ойыны. Адамды Мұсылмандықтан шығаратын "әзәзіл" азғындаудың белгісі болады.
2. Естуге болатын - айтуға болмайтын сөз.
Ол қандай сөз?
"Біреу, біреуді балталап өлтіріпті", "Біреу, біреудің қызын қорлапты" т.б. жаман сөздерді естігенде, бұрынғының үлкендері "Мал құлағы саңырау", оны адам тұрмақ малдың құлағына естіртпеңдер деп, тыйым салып отыратын... Жамандықты жария еткенің - жаманға көмектескенің.
Жаманға көмектескенің,- мұсылман баласына Алла бұйыртқан жақсылықтың жолын байлағаныңмен бірдей болады шырағым.
3. Айтуға да, естуге де болатын сөз.
Ол, Алладан аманат,- "Қасиетті Құран" сөзі. Ғұламалар мен дана, шайырлардың үлгі-өнеге сөздері. Бұл сөздердің - айтқан жанға да, тыңдаған жанға да тигізер сауабы мол болады. "Сауабы мол сөз" дейтініміздің себебі осылай, балам. Сондықтан, жақсы сөз, сыпайы мінез, ықылас, ілтипат, ізет, құрмет, ұят - иманның қабы дейміз.
Олжекең, сондай сөздерді сақтаған кісі. Жаңағы қасиеттер ол кісінің бойында толығымен бар. Жақсының жанында болсаң, -жамандықтан аулақ жүресің. Онда, алаңдамай сөзін қағазыңа аударып алып, уәделі күні аманатын қолына тапсыр - балам!
Пікір 1