Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЗИЯНЫ ЖОҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

ЗИЯНЫ ЖОҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ


Күнделікті өмірде барлық адамның іс-әрекеті көз алдымызда өрбиді. Кейде байқаусызда өзге біреуге оғаш көрінетін бойымыздағы қасиетті жоғалту қиындық соқтырып жатады. Арагідік қайталанып оты­­­­ра­­­­тын мұндай жай­сыздық кез-келген адамның тарапынан жағымсыз реакция тудырады. Мысалы бір бөлме­де төрт кісі қатар отыр­­­ған мезетте орын алған ерекше құбылысқа назар аударғанымызда таңғалыстық. Айтпа­ғы­­­мыз қарама-қарсы бағытта отырған адам кенеттен есі­ней жөнелді. Бір уа­қыт­та дәл осындай көріністі қатар жайғасқан үшеуі де қайталай бас­тады. Осы жайттан кейін есінеудің жұқпалы қоздырғышын анықтауға бел будық.
Негізінен есінеуге қатысты зерттеуші ғалым мен маманның ойы бір арнаға тоғысады. Көбіне адамның миына оттегі жетіспеуінен есіней бастайтындығы дәлелденген. Терең тыныс алуды тудырған жағдайда миға қан барып, жақ пен беттің бұлшық еті қимылдап, біршама адамды сергітеді. Жоғарыда аталған қайталау рефлексі еріксіз бейсаналы түрде жасалады деген тұжырым бар. Себебі адам миы есінеуді қалайтын «жұқпаға» қарсы тұралмайтындығымен ерекшеленеді. Осы тұста басты назар аудартатын жағдай бөтен адамның сезімі мен көңіл-күйін бөлісу, яки эмпатиямен байланыстыруды зерттеуші ғалым жан-жақты қарастырады. Яғни жиі есінейтін адам үнемі шаршаңқы көңіл-күймен жүретін, өзіне артық жүктемені артатындығымен, беймезгіл демалмайтындығымен, заматында тынығуға уақыт таппайтындығымен, жағымсыз энергияны шығара алмайтындығымен айшықталады. Бұған куә болған келесі бір азамат «жаны ашу», «басына түскен ауырлықты» бөлісу арқылы жауап қайтарады. Осы ретте есінеген адамның көзі жұмылғанына қарап отырып-ақ сіздің, қайталуға деген құштарлығыңыз ояна бастайды. Шындығында есінеу адам бойында 4 жасқа келген сәттен «жұқпалы» сипатқа ие болатындығы айтылған.
Қалыпты өмірге бейімделген кез-келген адамның жан дүниесі демалыста болады. Рухы биік, қуаты артқан жекелеген тұлғаның жігері тасып тұрады. Мұндай мықтылық пен толассыз күштілік жиі есінеуге әкеп соқтырмайды. Қайта ұйқысы қанбаған, тұрмысы қолайсыз, дене қимылы аз, еріншек бойында аталған фактор күні бойы үздіксіз орын алады. Демек аталған жұқпалы қасиетке ие есінеудің өзімізден басқа біреуге зияндығы байқалмайды. Тек күнделікті қозғалыс ритмін және қатты шаршамаудың жолын бақылауда ұстасақ жеткілікті.

Б.ОРДАБЕКОВ
31 қаңтар 2019 ж. 1 125 0