ДЖИНСЫДЫ ҚАЛАЙ ЖУУ КЕРЕК?
Біздің күнделікті өмірімізде джинс киімдерінің алатын орны ерекше. Ерекшелігі соншалық бұл материалдардан тігілген киімдерсіз өмірімізді елестете алмай қалдық. Олай болса, массагеттіктердің кәдесіне жарар деген ниетпен осы киімдердің жуылуы туралы айтып бермекпіз.
1. Джинс киімдерін жылы суда жуған дұрыс болады. Нақтырақ айтсақ, су температурасы 40 градустан аспағаны абзал. Ал кір жуғыш ұнтақтың құрамында ағартуға арналған химиялық заттардың болмауы керек. Бұл киімнің түсін қашырып жіберуі мүмкін.
2. Қара немесе түрлі түсті джинсты уксус қосылған жылы суда жууға болады. Бұл киімнің бастапқы қалпын сақтап тұруға оң әсерін тигізеді.
3. Тағы бір есте ұстайтын нәрсе мынау. Егер киіміңізді кір жуғыш машинада жуатын болсаңыз, сығу кезіндегі барабанның айналу жиілі 800 айн/миннуттан аспауы керек.
4. Киімді кір жуғыш машинаға салмастан бұрын барлық ілгектер мен жіптерді ағытып алу керек. Бұл киімнің бастапқы формасынан айырылып қалмауы үшін керек.
5. Джинсты тік түскен күн сәулесінің астында кептіруге болмайды.
6. Соңына дейін кеппеген киімді киюге болмайды. Шалбарыңыз (жейдеңіз) созылып, тартымдылығын жоғалтып алуы мүмкін.
7. Джинстық киімдерді жуған кезде су аздап боялуы мүмкін. Бірақ қорқудың қажеті жоқ. Сапалы киімдер артық бояуды суға еріткенімен, өз өңін жоғалтпайды.
8. Кепкен киімді еркін түрде, қорықпай үтіктеп алған жақсы. Бұл матаға қосымша жұмсақтық беріп, денеге жағымды етеді.
reactor.inform.kz