Ауа райы: Алдағы күндері елімізде 37 градусқа дейін аяз күшейеді
Алдағы күндері еліміздің батыс облыстарында күн жылып, қалған аймақтың бәрінде күн қайтадан суытады деп хабарлайды РМК Казгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Республикамыздың шығысында қар жауып, боран тұрып және қатты жел болады деп күтілуде.
Ауа температурасы алдағы күні жоғарылап, 11 қаңтар күні төмендей бастайды. Соның ішінде еліміздің шығысында күн қатты суытады. Бұл өңірлерде түнде ауа температурасы 30-37 гдадусқа дейін төмендейді.
Қазақстанның солтүстік және орталық облыстары жоғары атмосфералық қысым аумағында болатындықтан, кейбір жерлерде аздап қар жауып, түнде 28-35 градусқа дейін аяз күтіледі.
Батыс облыстарда температура жоғарылап, қар жауып, көктайғақ болады.