Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРЛЕРДІҢ ЕҢ ЖИІ АЙТАТЫН ӨТІРІКТЕРІ

ЕРЛЕРДІҢ ЕҢ ЖИІ АЙТАТЫН ӨТІРІКТЕРІ


Басым бос.
 Егер ер адам әлдебір бойжеткенді ұнатса, мейлі өзі үйленген болсын, көңіл жарастырған қалыңдығы болсын көзіне түскен қызды қарату үшін осылай айтады.
Сен менен гөрі ақылдысың. Бұл сіз үшін жақсы комплимент. Барлық ерлер эгоист. Олар үшін ешбір әйел өздерінен ақылды болуы мүмкін емес.

Құлпырып тұрсың. Ол сізді ренжіткісі келмегендіктен немесе шындықты айтқысы келмегендіктен солай айтады. Кейін кешірім сұрағаннан гөрі өтірік айта салған оңай ғой.
 
Мен басқа қыздарға қарамаймын. Қыз-келіншектер мұны қанша мәрте естиді. Бірақ шын мәнінде мамандар ерлердің қыздарға қарауға күніне 40 минут уақыты кететінін айтады.
 
Бәрі жақсы. Бұл әмбебап жауапты ерлер де, әйелдер де қолданады. Өз қиындықтары туралы айтқысы келмегенде осылай сөйлейді. Сол себепті серігіңізді жақсы танығаныңыз жөн.
 
Көп ішкен жоқпын. Ерлердің бәрі ішкен ішімдігінің мөлшерін жасырады, азайтып айтады. Ол әйел адамның алдында ішкен ішімдігінің мөлшерін екі-үш есе азайтады, ал достарының алдында көбейтіп айтады.

Мен бәрін түсіндім. Үйдегі тұрмыстық тапсырмаларда айтатын жақсы жауаптары. Бірақ ол тапсырмаңызды бірер минуттан кейін-ақ ұмытып кетеді.

Порно көрмеймін. Көп ерлер бұл туралы қыз-келіншектерге айтуға ұялады. Бірақ оны көрмейтіндері сирек.

Мен ол қызбен кездестім, бірақ арамызда ештеңе болмады. Егер ер адамның бөгде қызбен кездескенін сезіп қойсаңыз, ол сізге дәл осылай жауап береді. Бірақ оның сөзіне сенуге болмайды.
 
Мен отбасы мен балам болғанын қалаймын. Ерлердің көпшілігі сізді тыныштандыру үшін осылай айта салады.

Дереккөз: zhenskoe-mnenie.ru
08 қаңтар 2019 ж. 787 0