Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер арманындағы жігіт

Әйелдер арманындағы жігіт


"Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады" дейтін әзіл сөзді жігіттерге де қолдануға болады. Шынында да жаман күйеу қайдан шықсын. Сол үшін де әйел затының жасы бірте-бірте ұлғайғанымен жігіттерге, күйеуіне деген талабы ешқашан кемімейді. Нағыз азамат, ақылды жар болғыңыз келсе, әйелдердің пікіріне құлақ салған жөн-ау. Қытай елінің "Тұрмыс" сайтынан жолықтырған мына бір кеңестерді сіздерге ұсындым. Қажетіңізге жарап қалар. Кейбірі әзіл секілді болғанымен, ақиқаты айдан анық дүние екен. 

22 жасында. 

Келіскен келбетті болу. 
Басқаларды баурай алатын болу. 
Қалтасы қалыңдау болу. 
Сабырлы да салмақты болу. 
Ақылды болу. 
Денсаулығы жақсы болу. 
Киім-кешегі таза, ретті болу. 
Үнемі қуантарлық тарту ұсынып тұру. 
Романтикалы болу. 
32 жасында. 

Рухты болу. 
Қалтасында үнемі басқаларды бір реткі түскі асқа ұсыныс ететіндей ақшасы болу. 
Көп тыңдап, аз сөйлейтін болу. 
Айтқан әзіліңді түсіне алатын болу. 
Үйге үнемі өзі біліп, керекті заттарды сатып ала келетін болу. 
Әдемі галстугынан кемінде біреуі болу. 
Жасаған тамағымды ұнататын болу. 
Туған күнім мен еске алатын күндерді есінен шығармайтын болу. 
42 жасында. 

Сырттай қараған жанға рухты екені көрініп тұру. 
Шашы түсіп, қасқа бас болып қалмау. 
Қызметі орнықты, аздап жұмыс басты болу. 
Мен сөйлегенде анда-санда басын изеп, айтқанымды құптап отыру. 
Денсаулығы жақсы болу. Үй жиһаздарын жылжытқанда көмектесу. 
Киген жейдесі семіздігін жасыра алатын болу. 
Кей кездері үйге бір шоқ жаңа ашылған гүл ала келуді ұмытпау. 
Қызметтесімен телефонда тым ұзақ сөйлеспеу. 
52 жасында. 

Сақал-мұртын алып отыруды ұмытпау. 
Дастарқан үстінде жұрттың берекесін қашырмайтын болу. 
Ақшаны аз жұмсайтын болу. 
Мен көзқарасымды айтып отырғанда қалғып кетпейтін болу. 
Бір әзілді қайта-қайта айта бермейтін болу. 
Шұлығын үнемі ауыстырып тұратын болу. 
Киім-кешекті ретті киюге көңіл бөлу. 
62 жасында. 

Ұйықтағанда жай қорылдайтын болу. 
Өзінің неге күлгенін білетін болу. 
Киімін теріс киіп алмайтын болу. 
Қуатты тағамдарды таңдай алатын болу. 
Жалған тісін қайда қойғанын ұмытып қалмайтын болу. 
72 жасында. 

Денсаулығы тым нашарлап кетпеу. 
Көңіл-күйі көтеріңкі болу.
06 қаңтар 2019 ж. 727 0

Ұқсас жаңалықтар: