ҚҰЙМАҚТЫ ҚАЛАЙ ӘЗІРЛЕЙМІЗ?

Құрамы:
Айран — 2 стақан
Қант — 5 асқасық
Тұз — азғантай
Жұмыртқа — 2 дана
Ұн — 2 стақан
Қайнаған ыстық су — 1 стақан
Ас содасы — 0,5 шай қасық
Сұйық май — 3 ас қасық
Ыдысымызға айран, қант, жұмыртқа, тұз салып араластырамыз.Сосын ұн салып, араластырамыз қою болады. Қайнап тұрған ыстық суға ас содасын салып, араластырасыз.
Бірден қамырымызға құясыз да, араластырып, сұйық май құйып тағы бір араластырасыз. Табаны майлап, құймақты салып, пісіресіз.
Сонымен шамамен 12 құймақ шығады, үстіне тәтті сүт, тосап, қаймақ салып беруге болады.
АС БОЛСЫН!
reactor.inform.kz