Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АДАМДЫ ҰЙҚЫСЫНАН ТАНУҒА БОЛАДЫ

АДАМДЫ ҰЙҚЫСЫНАН ТАНУҒА БОЛАДЫ

Адамның қандай психологиялық қиындықтары мен дерттері бар екенін білу үшін міндетті түрде медициналық тексеру жүргізудің қажеті жоқ. Оның қандай қалыпта ұйықтайтынын және ұйықтап жатқан кезде қандай әрекеттер жасайтынын білудің өзі жеткілікті. 

Бір жақ қырымен "іштегі бала сияқты" қалыпта өз-өзіне сенімсіз, жаны нәзік, депрессияға көп ұшырайтын, гипотония, гастрит сияқты аурулары бар адамдар жатады.

Қолдарын жастықтың астына салып, бір жақ қырымен жататын адамдарда мойын остеохондрозы бар.

Қолын басының астына қойып, бір жақ қырымен жататын адамдарда созылмалы ринит, тонзиллит және гайморит сияқты аурулардың элементтері бар.

Ішімен еркін, айтқанынан қайтпайтын, өзіне қатысты сынды көтере бермейтін адамдар жатады. Асқазаны ауыратын адамдар да осындай қалыпта жатады.

Күйзеліске қарсы тұра алатын, кейде өзіне-өзі тым сенімді боп кететін адамдар арқасымен жатады. Мұндай адамдарды бас ауруы және бас сақинасы ауруы жиі мазалайды.

Бруксизм (тісті шықырлату) ауыз тістеуігінің дұрыс емес орналасуынан болады.

Арасында бірнеше секунд үзіліс жасай отырып жалғасатын қатты қорыл – ұйқы уақытында демнің қысқа мерзімді тоқтауын білдіреді.

Семіздікпен, гипертониямен, аритмиямен және жүрек-тамыр ауруларымен ауыратын адамдар қатты қорылдайды.

3 айдан асып кеткен қорыл мұрын қуысындағы қатпары қисайып кеткен, гипертрофиялық ринитке шалдыққан және шылым шегетін адамдарда болады.

Тынымсыз аяқ синдромы литрлеп кофе ішетін, ағзасында темір жетіспейтін адамдарда кездеседі. Ұйқы уақытында сөйлеу күндізгі уақыттағы шаршауға, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты.

Ұйқыны жақсарту үшін жатардан жарты сағат бұрын жылы сүт немесе сүт қосылған тәтті шөп шайын ішу керек. Желкөзді ашып ұйықтауға тырысыңыз. Күн сайын бір уақытта ұйқыға жату да маңызды.

reactor.inform.kz
03 қаңтар 2019 ж. 802 0