2018 жылы қазақстандықтарды жылатқан 5 оқиға
2018 жыл Қазақстан үшін қандай жыл болды? Қандай жетістіктерге жетіп, қандай қиыншылықтарға төтеп бердік. Саясат, экономика, қоғам салаларында қандай өзгерістер орын алған еді? Осы орайда Stan.kzақпараттық агенттігі әр салада болған өзгерістер туралы еске салады. Кезекті материалымызда биылғы жылы қазақстандықтарды жылатқан 5 оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз.
- Денис Тен
Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы Денис Теннің өлімі тек біздің елімізді ғана емес, бүкіл дүние жүзін дүрліктірген шығар. Көліктің айнасы үшін ажал құшқан спортшымыз өз жасына қарамастан үлкен жетістіктерге қол жеткізген. 25 жыл ішінде көптеген жүлдеге ие болып үлгерген, баршамыздың жүрегімізді әдемі күлкісімен, жылы сөздермін жаулаған спортшымыз бүгінде өкінішке орай арамызда жоқ. Еліне сіңірген еңбегі үшін Денистің құрметіне арналып көптеген шаралар ұйымдастырылды. Оған қайтыс болғаннан кейін Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін» медалін берді. Сонымен қатар, қазір Денистің өліміне қатысты тергеу ісі аяқталып, сот отырыстары басталды. Қорғаушы аталған қылмыс тапсырыс бойынша жасалуы мүмкін деген болжам берді.
Бір жарым жасар Алима Көпейдің дерті қазақстандықтардың жүрегін қозғаған еді. Оның жағдайына бей-жай қарай алмаған көпшілік ақша жинап, еміне көмектескен болатын. Аз уақыт арасында Алимаға қазақстандықтар қомақты қаражат жинап, оның емделуіне ат салысты. Отандастарымыздың тілеуіне қарай, кішкентай қыз қатерлі дертінен айығып келеді. Күні бүгін ғана әлеуметтік желіде оның әкесі жақсы жаңалығын айтып, қазақстандықтарға алғысын білдірді. Қызының жаман дерттен арылатынына сенім білдірген әке жаңа жылды тек жағымды көңіл-күймен қарсы алатындарын жазды. Бүгінде уөп уақыт емнен кейін жағдай жақсарған бүлдіршен елге оралды.
Түркістан облысының Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлап келген. Бұл оқиға бірнеше күннің ішінде әлеуметтік желілерде тарап кеткен еді. Қоғамды дүрліктірген бұл оқиға қарапайым халықтан бөлек, шенеуніктерді де орнынан тұрғызған болатын. Қоғам белсенділері балаға араша түсіп, кінәлілерді жазаға тартуды талап еткен. Бұл іске қатысты сот шарасы әлі күнге дейін жүріп жатыр. Айта келсек, қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Саин осы тақырыпқа қатысты көптеген пікір айтып, баланың құқығын қорғап жүрген азаматшалардың бірі. Сонымен қатар, осы іске қатысты лауазымды тұлғалардың қызметтерінен кетпегенін жазған едік.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы шығыс айналма жолында көлік қағып, тал түбіне тасталған 4 жасар баланы бастапқыда бәрі көлік қақты деп шулаған. Көлік иесін таппай әлек болған полиция қызметкерлері оны өзінің туған әкесі аяусыз ұрып соққанын анықтады. Барша халық бірігіп, қаққан көлік иесін іздеу үстінде болған кезде бұл жаңалық бәрімізді біршама есеңгіреткен болатын. Бүгінде бұл қылмыстық іс сотқа жетті, ал баланың бағына орай, ол тірі қалып, қазіргі таңда оңалу кезеңін бастан кешуде. Алайда әкесіне қатысты тергеу істері аяқталып, қылмыстық істің құжаттары сотқа жеткен болатын. Жазасын өтеуге қатысты әзірге сот шешімі қабылданбады.
Шымкентте бүлдіршінге тиіспек болған педофилдің әрекеті бейне бақылауға түсіп, Өзбекстан азаматы тұтқындалған болатын. Барша қазақстандықтардың жүрегін ауыртқан бұл оқиға осымен аяқталмай, баланың әкесінің жүрегі көтере алмай артынша қайтыс болды.
Аталған оқиға үлкен резонанс тудырған еді. Сот нәтижесі бойынша 33 жастағы педофил 15 жылға сотталды. Айта кетсек, балалар құқығын қорғап жүрген қайырымдылық қорының жетекшісі Аружан Саин бұл баланың да құқығын қорғап, педофилдерге қатысты заңды күшейтуді сұраған еді.
stan.kz
Пікір 2