Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » 31 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

31 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Метеорологтар 31 желтоқсанда Қазақстанда ауа райының қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Республиканың батысынан ауысып келген циклонның ықпалы солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста сақталады. Сондықтан, Жаңа жыл алдында аяздар басылып, қар жауып, бұрқасын соғады», - деп хабарлады Қазгидромет ҚазАқпарат тілшісіне. 

Соған қарамастан, түнде ауа температурасы минус 10-15 градус және күндіз минус 3-10 арасында болады. 

«Қазақстанның батысында кезекті антициклонның ықпалынан түнде 15-25 градус аяз болады. Оңтүстік және оңтүстік шығыста жауын-шашын болып, түнде және таңертең тұман түседі және көктайғақ болады. Температура түнде 2-13 аяз, күндіз 3-5 болуы ықтимал», - деді гидрометорталық өкілдері.
27 желтоқсан 2018 ж. 791 0