Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

№ 62 газет

19 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қазақстан азаматшасы Оңтүстік Кореядан фабрика ашты

Қазақстан азаматшасы Оңтүстік Кореядан фабрика ашты

Оңтүстік Кореяға оқуға барған Қазақстан азаматшасы сол елде кәсіп ашып, іскер атанды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Қазір Галина Алимова Инчхон қаласындағы косметикалық фабриканың иесі. Оның зауытының өнімдері Оңтүстік Кореяда ғана емес Қытай, Жапония, Еуропа тіпті Америкада сұранысқа ие. Галина өз өнімдерінің кейбіреуіне қазақша атау берген. Дегенмен оның жасалу жолы мен құрамын жасырын ұстайды. Жалпақ жұртқа белгілісі косметикалық заттарға алтын ұнтағы косылады екен. Компанияда он адам жұмыс істейді. Олардың екеуі Қазақстан азаматы. Олар Инчхондағы кәсіпорында тәжірибе жинақтап, біліктіліктерін арттырып жүр. Өйткені келесі жылы жерлесіміз өз отанында зауыт ашуды жоспарлаған. Кәсіпкердің айтуынша, Қазақстанда косметика жасауға қажетті шикізат жеткілікті.  

«2019 жылы ашам деген ойдамын. Өзім туған еліме, халқыма көмектескім келеді. Өзімді көрсеткім келеді»,-дейді зауыт басшысы Галина Алимова.  

www.inform.kz
27 желтоқсан 2018 ж. 656 0