Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 3000 теңгеге сатып алуға болатын жаңа жылдық 10 сыйлық

3000 теңгеге сатып алуға болатын жаңа жылдық 10 сыйлық


Қыстық шарф. Әйелдердің гардеробында шарф саны көп болу керек деген пікір бар. Расында, адамның кейпіне рең беріп, сұлуландыра түсетін әсем заттың түрлері көп. Және ол жаңа жылда ер адамға, әйелге де, үлкен мен кішіге де сыйлауға болатын әдемі сыйлық.

Ұялы телефонның тысқабы. Заманауи тысқаптар телефонды қорғап қана қоймай, сәнді көрінуіне де септігін тигізеді. Бұл сыйлықты түпнұсқалық заттарды түсіне білетін адамға берген жөн. Сонымен қатар, тысқаптың сыртына адамның атын жаздыртып, суретін салдыруға да болады.

Әмиян. Кез келген мейрамда беруге болатын тамаша сыйлық. Оны таңдаудың да, сыйлаудың да өзіндік ережелері бар. Сыйлыққа алған әмияныңыздың көлемі тым кішкентай болмауы керек. Көптеген адамдар әмиян сыйлағанда ішіне міндетті түрде ақша салып беру керек деп ойлайды. Ырымға сенетіндер, сыйлыққа берілетін әмиянның ішінде ақша болса, сыйлық алатын адамның жағдайы жақсара түседі деп сенеді. Алайда, сыйлықты қалай бергіңіз келсе де, ерік өзіңізде.

Кітап. Кітап түсіне білген адам үшін ең керемет сыйлықтардың бірі. Бірақ оны дұрыстап таңдаудың да өз талаптары бар. Кітапты сатып алмастан бұрын, жақыныңыздың қандай жанрдағы кітаптарды, қандай тілде сүйіп оқитынын анықтап алыңыз.

Фотосурет салатын жиектеме. Сәннен шықпайтын дәстүрлі сыйлықтардың бірі. Әр адам өміріндегі қуанышты сәттерді жақсы көреді, оларды ұмытпауға тырысады. Суретке түсіп, сол уақытты өз жадында сақтап қалғысы келеді. Көбісі суретті фотосурет салуға арналған жиектемеге салып, ұмытылмас кезеңдерді еске алғанды ұнатады. Бүгінгі таңда жиектемелердің түрі көп әрі алуан. Заман талабына сай цифрлы түрлері де бар.

Адамның аты жазылған кружка. Көне Грекия мен Италияда кружканы адамдар бір-біріне “берекелі, табысты бол” деген ниетпен сыйлаған екен. Оның үстіне ыдыстың ішіне тәттілерді толтырып салып берген. Бүгінгі күні кружканы сыйлыққа сыйлау күллі әлемдік дәстүрге айналып кетті. Адам талғамына байланысты кружканың да түрлері көп. Алайда, адамның аты жазылған немесе суреті салынған кружкалар үлкен танымалдыққа әрі сұранысқа ие. Ыдыстың қайталанбас дизайнын жасау арқылы жақыныңызды қуантуға мүмкіндігіңіз бар.

Хош иісті шам — интерьердің көркін ашатын, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын тамаша, пайдалы сыйлық. Алайда оны таңдағанда мұқияттылық танытыңыз. Оның құрамында аллергияны тудыртатын синтетикалық иістендіргіштер болмауы керек. Жаңбырдың, кітаптардың, жасыл шөптің иісін беретін шамдар үлкен танымалдыққа ие.

Косметика жиынтығы. Танымал брендтердің сапалы өнімдері, яғни қолға, аяққа, бетке жағатын иісмайлары бар жиынтық та жақсы жаңа жылдық сыйлықтардың қатарына кіреді. Опа-далапқа қарағанда сапалы иісмайлар терінің жақсаруына, әдеміленуіне көмектеседі.

Торт. Тәттіні жақсы көретін адам үшін таптырмайтын сыйлық. Бүгінгі күні елімізде торт, тәтті нанды пісіретін кондитерлік үйлер жетерлік. Қалауыңыз бойынша, соларға тапсырыс беріп, сатып ала аласыз.

Гүлдер. Бөлмеде өсетін гүлдер қай мезілде болмасын үйдің ажарын келтіріп тұрады. Ал жаңа жылдың алдында тіпті керемет көңіл-күй салайды. Сыйлыққа декабрист, гиппеаструм, морозник деген гүлдерді беруге кеңес береміз. Сондай-ақ, ақ, қызғылт раушандардан жасалған гүл шоқтарын сыйлауыңызға да болады.
23 желтоқсан 2018 ж. 1 199 2

Гость JeaOrer от 20 ақпан 2019 03:36
Viagra Alkohol Gefahrlich viagra prescription Valacyclovir 500 Mg Efectos Colaterales Del Viagra

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 22:24
Achat Viagra A L'Unite Cialis Without Prescription Overnight cialis 5mg best price Amoxicillin And Dosage Cialis 10 Mg Tabletas Propecia Generic Finasteride 5 Alpha Reductase