Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар арықтау үшін несие алып, асқазанын кішірейтіп жүр

Қазақстандықтар арықтау үшін несие алып, асқазанын кішірейтіп жүр

Елімізде балалардың семіздікке шалдығуы жиілеп кеткен. Ересектер жаттығудың орнына хирургиялық жолмен арықтауға тырысады.

Бұл қыз 1 жарым жыл бұрын 180 келі болған. Ол ота арқылы асқазанын кішірейткен соң арықтап шыға келді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Қазақстанда ота жасап асқазанын кішірейту қалыпты жағдайға айналған. Орал Оспанов 20 жылдан бері бариатрикалық ота жасап келеді. Ол кей науқастың несие алып, ота жасататынын айтады.

«Біз асқазанды екі бөлікке бөлеміз. Кіші және үлкен. Тамақ кіші бөлгіне түседі. Қорытылып тоқ ішекке барады. Гормондары өзгереді. Биологиялық  белсенді заттар жүйкені ғана емес, гормонға да әсер етеді. Осылайша асқазан жұмысы өзгереді. Өттің, қанның жұмысы өзгереді», – дейді Қазақстандық бариатрикалық хирургия бірлестігінің президенті Орал Оспанов.
Ерлер арасында орта есеппен 37 %, әйелдер арасында 33 % семіздікке шалдығу көрсеткіші өсіп келеді.  Ал әрбір 14 жастағы бесінші балаға семіздік диагнозы қойылады.

«Артық салмақтың себебі дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, тұқымқуалаушылық. Баланы ана сүтімен тамақтандырған дұрыс. Алғашқы алты айда бала ана сүтімен тамақтанғаны жақсы. Екі жастан асқан соң қосымша тамақ берсе болады», – дейді Ұлттық денсаулық сақтау орталығының бас маманы Раушан Кенбаева.

Бариатрикалық отаны тегін медициналық көмек қатарына қосу керек. Мемлекет мұны өз міндетіне алуы тиіс. Хирургтер Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс айтты.

stan.kz

11 желтоқсан 2018 ж. 775 0