Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қатерлі ісіктің пайда болуына әсер етпейтін 5 нәрсе

Қатерлі ісіктің пайда болуына әсер етпейтін 5 нәрсе


Ғаламторда онкологиялық аурулар туралы ақпарат көп. Дәлелді медицина дамып келе жатыр. Бірақ сонда да "рак" сөзінің айналасында халық арасында әлі де аңыздар жүр. Негізінде неден қорықпауға болатындығын айтамыз.

1. Қант

Бұл өнімді барлық жамандықтың көзі деп қабылдайды: тісжегіден бастап диабетке дейін кінәлайды. Кез келген затты мөлшермен қолданса, оның денсаулыққа аса зияны тимейді. Қантты күніне 25-50 г жеу зиян емес екен.

Рак пен қанттың арасындағы жалғыз (жанама) байланыс – семіздік. Егер көп мөлшерде қант жесеңіз, артық салмаққа әкеледі. Соның себебінен аурудың даму мүмкіндігі көтерілуі мүмкін.

2. Қант алмастырушылар

Мұндай қауесет кең тараған қант алмастырушы – аспартамның айналасында көп. Негізінде ол ісіктің дамуына ықпал ететіндігі туралы еш дәлел жоқ.

2006 жылы Америкалық Ұлттық рак институты шамамен жарты миллион адамның мәліметін жинап, зерттеген кезде еш байланыс таппаған. Ал тамақтану өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Еуропалық агенттіктің хабарлауы бойынша, егер оның тәуліктің мөлшерін (дене массасының 1 килограмына 40 мг) сақтаса, аспартам тіпті жүкті әйелдер мен балаларға да қауіпсіз екен.

3. Гаджеттерден сәулелену

90-жылдары ешкімде ұялы телефон не планшет болмайтын, ал қазір олар бәрінде бар. Алайда, ауру-сырқау статистикасы еш өзгермеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 13 елді қамтитын ірі зерттеу жүргізген: ұялы телефон ми ісігімен ауыру ықтималдылығын жоғарылатпайды.

Ми ісігімен ауыру үшін сәулелену кез келген гаджеттен шығатынға қарағанда 1000 есе күштірек болуы керек. Алайда түнде ұялы телефонға қарап жату әдеті өз зиянын тигізбей қоймайды: ғалымдардың ойынша, экранның көгілдір түсі жүйке жүйесін жұқартады.  

4. ГӨА (генетикалық өзгерген ағзалар)-өнімдер

Күніне біз өнімдегі басқа ДНҚ-ның ондаған түрін жейміз. Егер жүгерідегі немесе балықтағы ген біздің геномға өтіп кете алатын болып, сол жерде мутация шақыра алса, біз барлығымыз ГӨА-сыз да сарғайып, қабыршақтанып кетер едік.

Оған қоса, әлемде миллиардтаған адам трансгендік тағамдар (геномына жасанды түрде ген енгізілген және табиғи будандастыру кезінде алу мүмкін емес тағам) жейді. Бірақ одан рактың жиіленгені байқалған жоқ.

5. Тұқым қуалаушылық

Рактың кей түрлері шынымен де тұқым қуалаушылыққа байланысты, бірақ олар 10%-дан артық емес. Қауіптің негізгі факторлары – жас, жыныс (кей ауру түрлеріне), алкоголь, темекі, тамақтану және күн сәулесі.  

Қандай да бір қатерлі ісікке шалдықпас үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет, уақытылы тексеріліп, күннен қорғайтын крем пайдалану керек.
massaget.kz
07 желтоқсан 2018 ж. 977 1

Гость JeaOrer от 14 ақпан 2019 03:10
Commander Lioresal online cialis Levitra Comprimes