Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқтар Серіков ұл тауып берген жарына Астанадан 5 бөлмелі пәтер мен көлік сыйламақ

Тоқтар Серіков ұл тауып берген жарына Астанадан 5 бөлмелі пәтер мен көлік сыйламақ


Жақында төртінші мәрте ұлды болған Тоқтар Серіков жұбайының жүкті екенін естіген күні-ақ, бұл перзентін өзінің туған күнінде туып беруін сұраған. Қалжыңдап айтқанымен, бұл сөзі шындыққа айналды. 43 жасқа қадам басқан күні Серіков төртінші атұстарын қолына алды. Енді Тоқтар өзіне асықтай төрт ұл сыйлаған жарына пәтер мен көлік сыйламақ.Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Аллаға сансыз мақтаулар айтамын, осы Бейбіттің бойына бала бітіп, аяғым ауыр деп сүйінші сұрағанда екеуміз отырып алып, айларды есептедік. Қарашаның аяғы ма екен, желтоқсанның басы ма екен деп отырғанда мен: “Сен мені шын сүйсең, тура менің туған күнімде туып берші”, – деп айтқанмын. Шын мәнінде Бейбіт мені сондай таңғалдырды. Бұл Алланың сыйы маған берген. Өзім де: – Бірінші маған 4 ұл туып бер, сосын қыз табасың, – деп қалжыңдап айтатынмын. Қалжыңымның өзі шындыққа айналды. Туған күніме санаулы сәттер қалған кезде ол кісі толғатып бастады. Туған күнім есімнен шығып кетті. Тура туған күнім келген кезде балам шыр етіп дүниеге келді”, – деген Серіков “ұлым екеуміз жарысып туған күн тойлайтын болдық” деп қуанды.

Әншінің айтуына қарағанда, бұған дейін үш ұлды өмірге әкелген Бейбіт қызды болуды армандаған. Десе де, Тоқтардың өзі қызды болудан қорқатынын бірнеше мәрте айтқан еді.

“Бейбіт шын мәнінде қыз күтті. Себебі туған інім бар. Оның екі қызы мен екі ұлы бар. Сол екі қыз бізге тәуелді. Демалыс күні үйімізге келеді. Бейбітті “Бипи мама” деп екеуі екі жағында жүгіріп жүреді. Бейбіттің бүкіл керегіне көмектеседі. – Көрдің бе, маған қыз керек, – дейді. Мен “міне, осылар бар ғой” деп жүріп жеңдім. Бірақ негізінде қыз керек. Қыздан қашып тұрған жоқпын. Бірақ қыздардың ұзатылғанын көрген кезде жүрегім ауырады, содан ғана қорқамын. Әйтпесе мен қызғаншақпын ғой”, – дейді Серіков.

Тоқтар бұл жолы жұбайы босанған кезде жанында болған.

“Туған күніммен қоса ұлымды қарсы алдым. Бейбіттен кейін құшағыма мен алдым”, – дейді Тоқтар.

Сондай-ақ, Серіков арманын орындаған жарына қандай сыйлық жасайтынын айтып берді.

“Өмірге сәби әкеліп жатқан соң, сыйлықсыз қалдырмауым керек. Бірақ бірінші сыйлығым – әкелік парызымды адалынан атқарсам, жанарынан бір тамшы жас түсіргізбесем, ол бақытты боп жүрсе, менен де, Алладан да жасалған үлкен сыйлық деп есептеймін. Бейбіт қай баламды дүниеге әкелгенде де сыйлықсыз қалған жоқ. Осы жолы ерекше етіп жасасам деп отырмын. Әлі айтқан жоқпын, бірақ өзім ойлап отырмын. Алла қаласа, Астанадан 5 бөлмелі пәтер алып беремін. Астына жаңа көлік алып беремін, одан басқа не істеймін?! Одан таңғалатын дүние жоқ, мақтанғандай боп қалатын шығар. Құдай өзі кешірсін мені. Бірақ Бейбіттің бойында мен жақсы көретін қасиеттің бірі – аса сыйлықты жақсы көрмейді. Жылтырақты жақсы көреді енді, әйел заты ғой”, – дейді Тоқтар.
Stan.kz
28 қараша 2018 ж. 1 146 2

Гость JeaOrer от 14 ақпан 2019 09:50
Viagra Store In Canada Flagyl Generic Form cialis for sale Best Price On Generic Viagra Levitra 20 Mg Orodispersibile

Гость JeaOrer от 5 наурыз 2019 21:41
Viagra Forum Progesterone In Internet India Pharamcy Zoloft viagra Buying Viagra100brand Fromcanadaonline Propecia En Famosas Can You Drink On Amoxicillin