Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыдырма қонақ

Қыдырма қонақ


Қыдырма қонақ – қазақтың көне жолында, қонақ болу салтында көп кезігетін қонақтың бір түрі. Мейрам-мереке, демалыс күндері ауыл азаматтары топ-топ болып, ауыл-ауылға, үй-үйге қыдырады, үлкендерге амандасады, арнайы сәлем береді. Қазақ оны үйіне келген қонақтарды бізді арнайы іздеді, елеп-ескеріп, келді деп құшақ жая қарсы алады, дәмді құжырын дастарқанға жаяды. Оны қазақ кәдесінде «қыдырма қонақ» деп атайды.
Қазақтағы қыдырма қонақтың да өзіндік мәні, кісілік сәні бар. Олар жай қыдырып, қарын баққалы, жанын сақтағалы жүрген жоқ. Қайта ауыл-ауылдағы, үй-үйдегі көңілі жақын, ниеті бір, тілеуі қабыл адамдарға жүздесу, сәлемдесу, сырласу, ауырған-сырқағандары болса, көңілін сұрау, өлген-жеткендері болса, құран оқу, туыс-туғандарына көңіл айту, жақсы ниетпен тілдесу, береке бірлікті арттыру. Ол ғана емес, тірлікте, аз өмірде, саналы ғұмырда сапалы өмір сүру, көңіл тауып, мәнді-мағыналы тірлік өткізу болып табылады. Әуелі ауыл-ауылды, үй-үйдің берекесін жалғайды, бір-біріне құрметін көрсетеді, сый-сыбағасын жалғайды, адамдық құнын, арын, адамгершілік, кісілік кереметін білдіреді. «Қыдырма қонақтан қырық ауыз сөз қалады, үлгі-өнеге, өшпес із қалады» деп оны хабар-ошар естудің де кілті еткені бесенеден белгілі. Дені сау адамның қыдырғанына не жетеді, ой-пікір ауысады, ойын даналайды, санасын саралайды, танымағанмен танысады, жақыны болса табысады. Бүкіл ауыл берекемен, бірлікпен қабысады. Қыдыра жүріп, үгіт жасалады, ондай жақсылықтан қандай жамандық аса алады. Қыдырма қонақтың қыры да, сыры да осы болмақ.
 Болат Бопайұлы Жота Қажы
«Қамшы» сілтейді
19 қараша 2018 ж. 1 060 0