Тез әрі таза етіп үй жинау әдісі
Үйдің таза болғанын қай-қайсымыз да жақсы көретініміз рас, дегенмен, үй жинауға деген құштарлықтың ылғи артып тұрмайтыны рас.
Сондықтан да әркезде үй жинар алдында «қалай барлығын таза әрі тез жинауға болады?» деген ой мазалайды.
- Ең бастысы, процессті бастаңыз. Қай істің болмасын бастауы қиындық тудырады. Үйдің айнадай жарқырап тұрғанын елестетіңіз де орныңыздан тұрып, үй жинауға кірісіңіз!
- Өзің жалғыз жинағаннан гөрі, барлықтарыңыз бірігіп жасаған қызықтырақ. Әрбіреуіңіз тапсырма бөліп алсаңыз, тез үй жинап шығуға болады. Осылайша үй жинауды апта сайынғы жақсы бір дәстүрге айналдыруға болады.
- Ұсақ-түйекпен айналыспай тұрып, алдымен, үйдегі көзге көрініп, шашылып тұрған орындарды жинастырып алыңыз.
- Міндетті түрде есік-терезе, айналарды тазалап алыңыз, ал үйіңіз әп-сәтте жарқырап шыға келеді.
- Көңілді әуен қойып қойыңыз, қалай жылдам жинап тастағаныңызды өзіңізде байқамай қаласыз.
- Тез жұмысты аяқтау үшін алдыңызға мақсат қойыңыз. Мәселен, бір сағатқа таймер жүргіңіз. Уақытпен жұмыс істеп үйренсеңіз, келесі де оданда жылдам жасауға дағдыланасыз.
- Үйдегі зат аз болған сайын жинау да тез болады. Сондықтан, үйдегі артық қоқыстан арылыңыз да керек емес заттарды жинай бермеуге тырысыңыз.
- Тазалық үшін қажетті құралдарыңыз қасыңызда болсын. Олардың көмегімен уақыт кетірмей мұнтаздай етуге болады.
- Бірнеше жұмысты қатар алып үйреніңіз. Кірлерді машинаға салып, қосып қойып, оған шейін ыдыстарды жуа беріңіз.
- Күнделікті жинап отырыңыз. Егер үстел үсті, теледидар, компьютер шаң болып кетсе сол сәтте сүртіп алыңыз, бастысы, нені болмасын кейінге қалдырмай, бірден артыңыздан жинап жүргеніңіз жөн.