Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КҮЗГІ КҮЙЗЕЛІСТЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ

КҮЗГІ КҮЙЗЕЛІСТЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛУҒА БОЛАДЫ


Сырға, қызыққа, түрлі-түсті бояуға толы жарқын жаз кезекті күзге берді. Күз көшелерге сары жапырақтан көрпе төсеп, үйлердің үстінен ұсақ жаңбырлардан құралған торын төсей түсті.

Мұндай кезеңдеі жұмыс істегіңіз келмейді, әіптестеріңіз де сізді мазасыздандырады, айналаңыздың бәрі де сіздің көңіл-күйіңізге қаяу түсіретіндей сезімді бастан кешіресіз.

Күйзеліс бірнеше күнге немесе айларға созылуы әбден мүмкін. Мұны білу үшін өз жағдайыңызды төмендегі белгілермен салыстырып көріңіз:

өзіңізді бағалауыңыз төмендеп кетті және сіз өзіңізді «жаман» әрі «ұсқынсыз» есптейсіз;
шарасыздық тек қана ұйықтағанда сізді мазалағанын қоятындай;
тәбетіңіз артты, сіз егер тоңазытқышқа құлып қоймасаңыз, киімдер топтамасын көп ұзамай ауыстыру керектігін сезінесіз;
көңіл-күй бірден өзгере бастайды, бұл сізде қорқыныш сезімін ұялатады;
жыныстық қарым-қатынас жасауға ниетіңіз мүлде жоқ және сіз қандай да бір сылтау табуға тырысасыз;
бет-әлпетіңізге опа-далап жағудың өзіне күш қажет болып барады;
өзіңізге күтім жасау немесе сәндену сізден алыстап бара жатқандай.Үштен аса белгілерді өзіңізден таптыңыз ба? Онда сізде күресуді қажет ететін күзгі күйзеліс басталды деген сөз. Сәл ғана күш салсаңыз, бірнеше аптадан кейін сізге өмірдің бар қызығын сезіне білу сезімі келеді.

Келесі ережелерді сақтансаңыз, нәтиже кезек күттірмейтіні анық.

1. Жарықтың жеткілікті болуы
Күзгі мезгіл көзге әдемі көрінетін уақыт екені белгілі. Мұндай кездері айналадағының бәрі де тамаша болып көрінуі мүмкін, оладың бәрі де қанық түстерге толады. Осы жағдайды көңілден кетірмес үшін, көңіліңіз бірден құлазып қалмас үшін бірқатар кеңестерге құлақ асыңыз:
— сіз жұмыс істемейтін болсаңыз және де ұйқыңызды қандырып, жай тұратын болсаңыз, күздің әдемі күндері ертерек тұруға тырысыңыз, бұл бірнеше сағатқа болсын әдемі күннің ұзақтығын сезінуге көмектеседі;
— солярий қабылдаңыз. Аптасына 5-10 минут жетіп жатыр, сіз ол жерге «шоколадты реңк» алу үшін бармайсыз ғой;
— демалыс күндері үйде отырмаңыз. Бінеше сағат болсын көшеде жүріңіз. Теледидарды өшіріп, жылы киініп алып, серуендеңіз.

2. Қозғалыс
Сіз белсенді қозғалыста болсаңыз, уайым мен қайғы ысырылып, екінші орынға түседі. Бұл ағзаның «бақыт гормоны» деп аталатын эндорфиндерді бөліп шығаруымен тікелей байланысты. Сондықтан да:
— жалқауланбай, таңғы жаттығуды жасаңыз. Қосымша ұйқыға кеткен 10 минут ауа райын өзгертпесі анық, ал өзіңізге бөлген жаттығу күні бойы сергек жүруіңізге көмектеседі;
— спортпен шұғылданғанды ұнатпасаңыз, көбірек серуендеуге тырысыңыз;
— спорттық секцияларға жазылыңыз. Шейпинг, суда жүзу, йогамен, аэробикамен айналысу арқылы күйзелістен құтылып, әрі әдемі сұлбаңызды қалыптастыра аласыз.

3. Дұрыс тамақтануДәрігерлер күйзелістен құтылудың бір амалы толыққанды тамақтану деп бекер айтпайды. Бұл өз ағзаңызды ауыр әрі майлы тағамдармен толтыру деген де сөз емес. Бар болғаны, бұрын пайдалануға шектеу қойып келген кейбір тағамдарды анда-санда тұтынуға рұқсат беріңіз. Күзгі күйзелістен құтылу үшін бірқатар ережені ұстанған да абзал, олар:
— диета туралы ұмытыңыз. Олар бұл кезеңде сізге зиянын тигізіп, жағдайды қиындатып жібереді;
— жеміс-жидектер дәрумендерді ағзаға жеткізетін бірден бір негізгі өнімдер екенін ұмытпаңыз;
— ағзаңызды қосымша энергиямен толықтырып отыратын дәруменге толы құрамды тұтынуға тырысыңыз.

4. Өзіңізге сый жасау
Күздің сұрғылт реңкін жаңа жағымды реңкпен толтыруға тырысыңыз. Егер төмендегілерді жасасаңыз, күйзеліс сізден алыстауы мүмкін:
— көптеген сериалдардағы басты кейіпкер басындағы шытырман оқиғаларды қарап, бас қатырудың орнына көңілді музыка тыңдайсыз не болмаса кітап оқисыз;
— мұражай мен көрмелерді аралайсыз. Бұл ішкі сезімді реттеуге көмектеседі;
— дүкен аралайсыз, бұл мықты күйзеліске қарсы құрал екені анық;
— өзіңізге қосымша күш сыйлау үшін ашық түсті киімдер киесіз.

5. Өзгелермен араласу
Кез келген маусымдық күйзеліс жалғыздыққа бой алдырумен ерекшеленеді. Сондықтан да мұнымен күресе біліңіз, үйге қонақ шақырыңыз немесе өзіңіз қонаққа жиі баруға тырысыңыз.

6. Махаббатты сезініңіз
Егер сіз жалғыз болсаңыз, күзгі күйзеліспен күресуге сізге жаңа махаббат сезімі көмектеседі. Ер адамның пайда болуы сіздің ағзаңыздың тез жұмыс істеуіне көмектеседі және бұл өзінің нәтижесін береді, қалыпқа келуіңізге жәрдем береді.

Әрине, күз көңіл-күйге қатты әсер етеді, алайда бәрін өзгертуге болады. Ең бастысы, өмірді қалай көргіңіз келеді, соны дұрыс түсініп алу және ол міндетті түрде сізге өз құшағын айқара ашады.

Дереккөзі: zhenskoeschastie.com
05 қараша 2018 ж. 1 106 0