Арықтаудың арзан амалы
Бұл үшін алдымен, май рациондарын қысқарту керек. Ескеретін жәйт, егер бұл әрекетті тез әрі кенеттен бастасаңыз, сіздің салмақ қосып алуыңыз ғажап емес. Себебі адам ағзасы өздері ескере бермейтін белгілі бір күйзеліспен әрекеттескен. Салмақ өсіп бара жатқанында жеңіл тамақтануға көшкен немесе белсенді әрекет жасау арқылы денеден шығатын қуаттың мөлшерін арттырған жөн. Және де тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайту, ақуыздар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпау қажет.
Артық салмақ қосуды қаламайтын адам ет, сүт өнімдерін, малдың майын, тәттілерді, нан, ботқа, картопты көп қолданбайды, тәбетті арттыратын дәмдеуіштер мен ащы нәрселерді шектейді, тұзды өте аз мөлшерде пайдаланады. Сондай-ақ құрамында көмірсулар мен қант мөлшері көп өнімдерді аз-аздан қолданған жөн. Осылардың арқасында қаныққан гормон, лептин жұмысы бәсеңдеп, сіз қай кезде қарныңыздың тойғанын, артық мөлшерде тамақ жегеніңізді сезбей де қаласыз. Ағза осының барлығын қорытуға үлгермейді, салдарынан артық салмаққа жетесіз. Мұның барлығы жалпы ереже. Ал арықтау үшін нақты қандай өнімдер тұтыну керек? Бірінші кезекте, құрамында клетчаткасы мол өнімдер. Мысалы, сұлы жармасы, бұршақ, жасымық, алма, банан, дәнді нан. Бұған қоса сүттен жасалған өнімдер – йогурт, кефир, сүзбе. Тағы балық, теңіз өнімдері, майы аз еттер, жаңадан сығылған шырындарды қолданған пайдалы. Егер біз пайдалы өнімдердің пайдасын сипаттасақ, ендігі кезекте, тұтынуды мүлде шектейтін өнімдерді тілге тиек еткеткенді жөн санадық. Бұлар шоколад, майға қуырылған картоптар (чипстер), ақ нан, ірімшік, шарап. Арықтауға көбінесе қоршаған орта да кедергісін тигізіп жатады. Салатпен түстеніп немесе қасыңда біреу-міреу болса тәтті тоқаш нанды кофемен іше салу оңай. Ең қызығы сол «қара тізімге» барлығымызға ұнайтын суши да іліккен. Мұны көп жағдайда диеталық тағам ретінде ұсынып жатады, бірақ бәрі бекер сияқты: жапондық асхана құнарлылығы жағынан тіпті фастфудтың алдын орап кетеді екен. Роллдың қарапайым желісі 3-4 нанның мөлшерімен тең келеді, бұл дегеніңіз 300-350 калория. Диеталық тамақтану деуге де болмайды я? Роллдан жасалған түскі әбеттің құнарлылық деңгейі 1000 калориядан жоғары. Бұған қоса, осыған қатысты сұрақтар да кездесіп жатады. Кейбіреулерінің бастары тұңғиыққа батып, зиянды тағамдарды тұтынуды кенеттен шектеп, тіпті пайдалық тағамдарды тұтынуды төменгі деңгейге дейін ысырып қоятындары бар. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Әсіресе аз уақытта бірнеше келіге арықтау үшін тамақ жемей ашығудың экстремалды жолын таңдайды. Бұл жағдайда майға қуырылған, майлы, ысталған тағамдардан бас тартып, күніне 5-6 рет мөлшерлеп жеген абзал. Араға уақыт салып айран, не алма жеуге тыйым салынбаған. Мұндай күндері көк шәй мен итмұрын тұнбасын ішуге, одан кейін тек жеміс-жидектер мен көкөністер жеуге ойысқан дұрыс. Мұның барлығы ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартып, оны дәрумендер мен минералды заттарға толтырады. Бұған қоса, диетологтар ағзаның таза ауада жиі болуын қамтамасыз ету үшін серуенге шығып тұруды ұсынады. Бұл зат алмасу процесін жақсартады. Бұған қоса тамақтың жақсы сіңуі үшін оны көбірек шайнауға, жатар орынға көп тамақ жемеуге, өмірде азырақ күйзеліске ұшырауға, ұйқының мөлшерін қалыптастырып, тамақтану тәртібін үнемі бақылауда ұстау сияқты басқа да маңызды кеңестер беріледі.
http://anabol.kz/
Пікір 1